
2019 жылдан бастап эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және ҚР-да карантиннің енгізілуіне байланысты сот органдары процестердің барлық қатысушыларына онлайн режимде қашықтан қол жеткізу жолымен сот процестерін жүргізудің жаңа форматына көшті.
Сот органдарының процестерді жүргізудің көрсетілген форматы Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне де, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға да сот залдарына барудың уақыт және қаржылық шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.
Онлайн сот процесінен сапалы өту мақсатында процесс тараптарының соттарға қатысуы үшін негізгі талаптар бар.
Сот процесі басталғанға дейін барлық процес қатысушылары техникалық құрылғыларды дайындауы керек, атап айтқанда:
Бұдан басқа, сот талқылауы тараптарының қатысушылары онлайн сот отырыстарында мынадай мінез-құлық ережелерін сақтауға міндетті, атап айтқанда:
Электрондық құжат нысанында шығарылған әкімшілік акт талапкердің тұрғылықты жері (орналасқан жері) бойынша, яғни заңды тұлғаның не жеке кәсіпкердің тіркелген жері бойынша қаралады. Сот талқылауы міндетті түрде жауапкердің қатысуымен өтеді.
Сот жауапкерді келмегені (сот процесіне қосылмағаны) үшін ақшалай жаза қолдануға, ал қайта келмеген жағдайда әкімшілік істі оның қатысуынсыз қарауға құқылы. Сонымен бірге, сот талапкерге сот талқылауына тікелей қатысу мүмкіндігін беруге міндетті.
Әкімшілік сот ісін жүргізу келесі негізгі кезеңдердің кезекті өтуінен тұрады:
Дау туралы талап бойынша дәлелдеу ауыртпалығын – ауыр әкімшілік актіні қабылдаған жауапкер көтереді. Жауапкер әкімшілік актіде айтылған негіздерге ғана сілтеме жасай алады. Сот жауапкерді 10 күн ішінде жазбаша пікір беруге міндеттейді. Сот белгілеген мерзімде пікірді ұсынбау ақшалай өндіріп алуды қолдану үшін негіз бола алады. Сот жауапкерді сотқа қажетті материалдар мен құжаттарды ұсынуға міндеттейді.
Әкімшілік іс талап қойылған күннен бастап 3 ай ішінде қаралады және шешіледі, бұл ретте сот көрсетілген мерзімді тағы 3 айға ұзартуы мүмкін. Дауды мәні бойынша шешетін сот актісі шешім түрінде шығарылады. Шешім ауызша талқылау аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады. Шешім шығарылған күн әкімшілік іс бойынша шешім жарияланған күн болып табылады;
Шешімде сот шешімі орындалуы тиіс мерзім көрсетіледі. Жауапкер сот шешімін 1 ай ішінде орындауға міндетті. Мерзімінде орындалмаған жағдайда, бірінші сатыдағы сот ақшалай өндіріп алуды қолданады.
Сот шешімдеріне сот шешімі шығарылған күннен бастап 2 ай ішінде апелляциялық шағым беру арқылы апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. Апелляциялық сатыдағы сотта әкімшілік іс 3 ай ішінде қаралады. Апелляциялық соттың нәтижелері бойынша сот қаулысы шығарылады. Сот қаулысына 1 ай ішінде кассациялық тәртіппен (Жоғарғы сот) шағым жасалуы мүмкін. Жоғарғы Сот әкімшілік істі келіп түскен күннен бастап 6 ай ішінде қарайды.
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің бас диспетчерлік басқармасы" РММ