GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Департамент туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
Салықтық әкімшілендіру
19 октября 2026
Бюджетке берешекті банктік шоттардағы ақша есебінен өндіріп алу
       Нарықтық экономика жағдайында мемлекет бюджеттің тұрақты толығуын қамтамасыз ету үшін салықтық міндеттемелердің уақытылы орындалуына ерекше назар аударады. Салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындамауы мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шараларын қолдануға негіз болады.
Салық берешегін мәжбүрлеп өндіру шаралары Салық кодексіне сәйкес берешек мөлшеріне қарай қолданылады:
• 20АЕК –ке дейін- хабарлау (извещение) жолдау шаралары;
• 20-ден 45 АЕК-ке дейін –хабарлама (уведомление) жолдау, шығыс операцияларын тоқтату шаралары;
• 45 АЕК-тен астам –өндіріп алудың барлық шаралары.
 
       Осындай шаралардың бірі — салық берешегін салық төлеушінің банктік шоттарындағы ақша қаражаты есебінен өндіріп алу. Салық кодексінің 184-бабы салық төлеушінің банк шоттарындағы ақша есебінен берешекті өндіріп алу тәртібін белгілейді.
 Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарындағы ақша есебінен салықтық берешекті өндіріп алуды салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешектің шекті мөлшерінен асатын сомада салықтық берешекті өтемеген кезде салық органы мәжбүрлеу тәртібімен жүзеге асырады.
Мемлекеттік кірістер органы салық берешегінің бар екенін анықтайды. Салық төлеушіге берешекті өтеу туралы хабарлама жібереді. Белгіленген мерзімде қарыз өтелмеген жағдайда өндіріп алу туралы өкім шығарылады.
      Инкассалық өкімді салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) барлық банктік шоттарына шығарады. Салық төлеушінің шотындағы қаражат есебінен инкассалық өкім негізінде өндіріліген қаражат мемлекеттік бюджетке аударады. 
      Салық органы салықтық берешек толық өтелген кезде инкассалық өкімдерді кері қайтарып алады. Бюджетке берешекті банктік шоттардағы ақша есебінен өндіріп алу — мемлекет тарапынан қолданылатын тиімді мәжбүрлеу шараларының бірі. Бұл рәсім бюджеттің уақытылы толығуын қамтамасыз етеді және салық тәртібін нығайтады. Сондықтан әрбір жеке және заңды тұлғаларды өз салықтық міндеттемелерін уақытылы төлеу тиіс.
19 октября 2026
Мақат ауданында «Ашық есік» күні өткізілді

Мақат ауданында тұрғындармен кездесу ұйымдастырылып, «Ашық есік» күні аясында салық салу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында қатысушыларға 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ салық төлеушілер үшін өзекті мәселелер, салық міндеттемелерін орындау тәртібі және мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалану кезінде туындайтын қиындықтар талқыланды.

Іс-шара барысында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу кезінде кездесетін мәселелер бойынша түсініктемелер берілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті кеңестер алды.

Мұндай кездесулер тұрғындардың салықтық сауаттылығын арттыруға, салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпараттандыруға және салық төлеушілер мен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы ашық әрі тиімді өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

Этикалық нормаларды сақтау
19 октября 2026
Әдеп қағидаларын сақтау жөнінде кездесу

16 қазан күні Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Шанаев Бекен Өтегенұлы мен  Қызметтік тергеп-тексеру бөлімінің басшысы Капышева Айзада басқарма қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау мәселелері талқыланды. Қызмет барысында әдеп қағидаларын қатаң сақтау қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасында лудоманияның алдын алу мәселесі қаралды. Қызметкерлерге құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға байланысты заңнамада белгіленген шектеулер, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді. Құмар ойындарға тәуелділіктің адамның қаржылық жағдайына, психологиялық денсаулығына және қызметтік беделіне тигізетін кері әсері туралы айтылды.

Кездесу соңында қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаларын сақтауы жөнінде тиісті түсіндірмелер берді.

19 октября 2026
Республика күні – ел тәуелсіздігіне бастар тарихи қадам

25 қазан – Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі, Республика күні. Бұл күн еліміздің мемлекеттілігін нығайту жолындағы маңызды тарихи оқиғамен, яғни 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануымен тығыз байланысты.

Мемлекеттік егемендік туралы декларация – Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына негіз қалаған тарихи құжат. Оның қабылдануы еліміздің саяси-құқықтық дербестігін нығайтуға, ұлттық мемлекеттілікті дамытуға және Қазақстанның болашақ тәуелсіздігіне жол ашты.

Декларацияда Қазақстанның аумақтық тұтастығы, азаматтық, мемлекеттік биліктің дербестігі, табиғи ресурстарға иелік ету құқығы және халықаралық қатынастардағы өз орнын айқындау секілді маңызды қағидаттар көрініс тапты. Бұл құжат халықтың өз тағдырын өзі айқындауға деген ұмтылысын білдіріп, егемен ел болудың құқықтық негіздерін қалыптастырды.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Осылайша, мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда бекітілген тарихи ұстанымдар еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуында маңызды рөл атқарды.

2022 жылы Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайта берілді. Бұл шешім 25 қазанның ел тарихындағы ерекше орнын айқындап, мемлекеттілік пен ұлттық бірегейліктің маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Бүгінде Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде тұрақты дамуға, экономикалық әлеуетін арттыруға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда. Осы мақсаттарға жетуде мемлекеттік органдардың тиімді қызметі, заңдылықты сақтау, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайту ерекше маңызға ие.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса отырып, бюджет кірістерінің уақтылы әрі толық түсуін қамтамасыз ету, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытында жұмыс жүргізуде.

Республика күні – өткенімізді бағалап, бүгінгі жетістіктерімізді саралайтын және болашаққа деген жауапкершілігімізді сезінетін маңызды мереке. Бұл күн әрбір азаматқа ел бірлігін нығайтуға, ортақ құндылықтарды құрметтеуге және Қазақстанның өркендеуіне өз үлесін қосуға үндейді.

Ұлттық мереке қарсаңында барша отандастарымызға амандық, бақ-береке, бірлік пен еліміздің жарқын болашағына деген сенім тілейміз!

Салықтық әкімшілендіру
Ақпараттық жүйелер
13 октября 2026
Мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық кәсіпкерлікті қолдау шараларын талқыға салды

Атырауда бақылау және қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдында Бірыңғай есеп беру күні өтті. Оған облыс әкімі Болат Ақшолақов, облыс прокуроры, мемлекеттік органдар басшылары, Кәсіпкерлер палатасы мен бизнес өкілдері қатысты. Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Кенжеғазы Есембеков іс шара барысында есеп берді.

—Ағымдағы кезеңде мемлекеттік бюджетке 2 157 млрд. теңге түсті. Бұл белгіленген 2 183 млрд. теңге болжамның 98,8%-ын құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бюджет түсімдері 312,0 млрд теңгеге немесе 16,9%-ға өсті. Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Атырау облысында 288 529 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 99,7%-ы электрондық түрде, — деді Департамент басшысы.

Өңірде 60 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі бар. Оларда 125 мыңнан астам еңбек етеді. 2026 жылы бизнесті қолдауға 6,3 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған.

Кездесу ашық микрофон форматында өтіп, кәсіпкерлер бизнес жүргізуге қатысты ақпарат алуға мүмкіндік беретін цифрлық платформа құруды ұсынды. Болат Ақшолақов келесі жылдан бастап мемлекеттік қызметтерді — әлеуметтік сала, кадастр, құрылыс, жобалау-сметалық құжаттама тіркеу және бақылау рәсімдерін кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіру көзделіп отырғанын айтты. Бұл жұмыстарды 2028 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Айтылған өтініштер түгелдей хаттамаға енгізілді. Олардың әрқайсысын кезең-кезеңімен шешу кестесі құрылады. Ал өтініш иелерінің кейбіріне кездесу барысында-ақ жауап берілді.

Салықтық әкімшілендіру
08 октября 2026
Салық берешегін өндіріп алу: 2026 жылдан бастап қандай тәртіп қолданылады?

2026 жылдан бастап салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу берешек сомасына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл ретте аз мөлшердегі берешек үшін бірден қатаң шаралар қолдануға жол берілмейді.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге жаңа тәртіпті түсіндіреді.

📌 20 АЕК-ке дейін — 86 500 теңге

Егер салық берешегі 20 АЕК-тен аспаса, салық төлеушіге берешектің бар екені туралы ақпараттық ескерту жіберіледі және өсімпұл есептеледі.

Бұл кезеңде:

  • банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылмайды;

  • инкассалық өкім қойылмайды;

  • мүлікке шектеу енгізілмейді;

  • басқа мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылмайды.

📌 20–45 АЕК — 86 500–194 625 теңге

Берешек 20 АЕК-тен асқан жағдайда салық берешегін өтеу туралы хабарлама жіберіледі.

Хабарлама орындалмаған жағдайда:

  • банк шоттары мен касса бойынша шығыс операциялары тоқтатылуы;

  • берешекті өндіріп алу үшін инкассалық өкім қойылуы мүмкін.

📌 45 АЕК-тен жоғары — 194 625 теңгеден астам

Берешек 45 АЕК-тен асқан жағдайда мәжбүрлеп өндіріп алудың қосымша шаралары қолданылады.

Олардың қатарында:

  • мүлікке билік етуге шектеу қою;

  • дебиторлық берешектен өндіріп алу;

  • шектеу қойылған мүлікті өткізу есебінен берешекті өтеу және басқа да шаралар бар.

📌 27 000 АЕК-тен жоғары — 116 775 000 теңгеден астам

Егер берешек осы мөлшерден асып, үш айдан астам уақыт өтелмесе, сот арқылы заңды тұлғаның бірінші басшысының немесе дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қойылуы мүмкін.

💡 Маңызды

Хабарлама алған салық төлеушіге берешекті ерікті түрде өтеуге мүмкіндік беріледі. Берешек сомасына күмән немесе есептеулерде сәйкессіздік болған жағдайда, салық органымен есеп айырысуларды салыстырып тексеруге болады.

Салық міндеттемесін кешіктірген әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі. Жалпы тәртіп бойынша оның мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 есесін құрайды. Көлденең мониторингке қатысушылар үшін — 0,65 есесі.

Салық берешегі туралы ақпаратты Салық төлеушінің кабинетінде дербес шоттан тұрақты түрде тексеріп отыруға болады.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді салық міндеттемелерін уақытылы орындауға және берешек туындаған жағдайда оны ерікті түрде өтеуге шақырады.

Кеден басқармасы
Салықтық әкімшілендіру
Ақпараттық жүйелер
08 октября 2026
Қазан айындағы салық міндеттемелері: маңызды мерзімдер

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге 2026 жылғы қазан айында орындалуы тиіс негізгі салық міндеттемелері туралы еске салады.

Салық есептілігін уақытылы ұсынып, салықтар мен төлемдерді белгіленген мерзімде төлеу маңызды.

📌 1 қазан

2025 жыл үшін жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеудің соңғы күні.

📌 5 қазан

Жекеше практикамен айналысатын тұлғалардың 2026 жылғы қыркүйек айындағы табыстары бойынша ЖТС төлеу мерзімі.

📌 15 қазан

Салық есептілігі:

  • 400.00 нысаны – 2026 жылғы тамыз айы үшін акциз бойынша декларация.

Төлемдер:

  • 2026 жылғы III тоқсан үшін түбірімен босатылатын сүрек бойынша орман пайдаланғаны үшін төлемақы;

  • 2026 жылғы қыркүйек айы үшін интернет-платформа операторы аударатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР бойынша ЖТС.

📌 20 қазан

Салық есептілігі:

  • 328.00 нысаны – 2026 жылғы қыркүйек айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;

  • 851.00 нысаны – жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдер сомаларының есебі;

  • 870.00 нысаны – қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация.

Төлемдер:

  • ЕАЭО елдерінен импорт бойынша ҚҚС;

  • импортты қоса алғанда, акциз;

  • қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы;

  • III тоқсан үшін орман және өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

📌 27 қазан

Бірқатар ай сайынғы салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі, оның ішінде:

  • КТС бойынша аванстық төлемдер;

  • төлем көзінен ұсталған КТС және ЖТС;

  • бейрезиденттердің табыстарынан ұсталған КТС және ЖТС;

  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР бойынша ЖТС;

  • әлеуметтік салық;

  • жер учаскелерін және радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;

  • сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;

  • бірыңғай төлем;

  • әлеуметтік төлемдер: МЗЖ, МКЗЖ, ЖМЗЖ, ӘА, МӘМС аударымдары мен жарналары.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге есептілік пен төлемдерді соңғы күнге қалдырмай, алдын ала орындауды ұсынады.

Бұл техникалық кідірістердің, берешектің және өсімпұл есептелуінің алдын алуға мүмкіндік береді.

Кеден басқармасы
08 октября 2026
Қазақстан шекарасы арқылы қолма-қол ақша мен жеке заттарды өткізу талаптары

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде қолма-қол ақша мен жеке пайдалануға арналған заттарды алып өту нормаларын алдын ала білу маңызды. Кедендік талаптарды сақтау шекарадан өту кезінде кідірістердің, қосымша тексерулердің және әкімшілік шаралардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Қолма-қол ақшаға қатысты талаптар

     Қазақстаннан қолма-қол шетел валютасын алып шығу кезінде белгіленген шектеулерді сақтау қажет. Бір адамға 10 000 АҚШ долларына баламалы сомадан асатын қолма-қол ақшаны Қазақстан Республикасынан алып шығуға жол берілмейді.

     Бұл ретте Қазақстанға қолма-қол ақшаны алып кіру немесе Қазақстаннан алып шығу кезінде оның сомасы 10 000 АҚШ долларына баламалы мөлшерден асатын болса, мұндай қаражат міндетті түрде кедендік декларациялауға жатады.

     Сондай-ақ бағалы металдарды алып өтуге қатысты талаптар бар. Атап айтқанда, алтын құймаларын, алтын және күмістен жасалған инвестициялық монеталарды, сондай-ақ салмағы 100 грамнан асатын тазартылған алтынды алып шығуға тыйым салынады.

     Аталған валюталық талаптар мен декларациялау қағидалары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында қолма-қол ақшаны тасымалдау кезінде ЕАЭО шеңберінде қолданылатын тиісті тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

Жеке заттарды алып өту нормалары

     Егер азамат мемлекеттік шекараны айына бір реттен жиі кесіп өтпесе, жеке пайдалануға арналған жекелеген тауарларды белгіленген мөлшерде алып кіруге болады.

Бір адамға:

• 2 мобильді телефоннан артық емес;
• 2 планшеттен артық емес;
• 1 ноутбук;
• 5 бірлікке дейін зергерлік бұйым;
• 1 велосипед;
• 1 балалар арбасын алып кіруге рұқсат етіледі.

     Бұл сандық шектеулер азамат бұрын пайдаланған және өзінің жеке қажеттіліктері үшін алып жүрген жеке заттарға қолданылмайды.

Сапар алдында неге назар аудару қажет?

     Шекарадан өтпес бұрын қолма-қол ақша, бағалы металдар, зергерлік бұйымдар мен электрондық құрылғыларды алып өтуге қатысты қолданыстағы талаптарды алдын ала тексеру ұсынылады.

     Кедендік декларациялау талаптарын сақтау және белгіленген нормалардан аспау шекарадан өту кезінде кідірістер мен ықтимал әкімшілік жауапкершіліктің алдын алуға мүмкіндік береді.

Сапарыңызды алдын ала жоспарлап, Қазақстанның кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен қолма-қол ақшаны алып өту тәртібімен танысыңыз.

Салықтық әкімшілендіру
02 октября 2026
Салық берешегін өндіру бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

      Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бекен Шанаевтың төрағалығымен **Жеке сот орындаушылары палатасы өкілдері және Полиция департаменті қызметкерлерінің** қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

     Іс-шара барысында жеке тұлғалардың берешегін өндіру, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ салықтық берешекті өтеу бағытында уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын күшейту мәселелері қаралды.

     Кездесу барысында берешекті өндіру бойынша бірлескен жұмыстарды жетілдіру, азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу және заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бағыттары талқыланды.

Кеден басқармасы
Түсіндіру жұмысы және "Байланыс-орталығы" басқармасы
22 сентября 2026
Есірткі құралдарын заңсыз әкелу: жауапкершілік және ерікті түрде тапсыру

Есірткі құралдарын әкелу: қылмыстық жауапкершілік және ерікті түрде тапсыру

       Қазақстан Республикасының аумағына есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларын әкелуге тыйым салынады. Халықаралық әуе рейстерінің жолаушыларына ерекше назар аудару қажет. Есірткі құралдарын азаматтық әуе кемелерімен жолаушылардың қол жүгімен де, багажымен де тасымалдауға тыйым салынады.

       Есірткі құралдарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізу контрабанда ретінде саралануы және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 286-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін. Жауаптылықтың түрі мен мөлшері істің нақты мән-жайларына, заттың түрі мен мөлшеріне, оны өткізу тәсіліне және басқа да саралау белгілеріне байланысты айқындалады. Сонымен қатар, өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарын заңсыз дайындау, иемдену, сақтау немесе тасымалдау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.

Ерікті түрде тапсыру

       Қазақстан Республикасының заңнамасында заңда белгіленген жағдайларда жеке тұтыну үшін алынған есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын немесе прекурсорларын ерікті түрде тапсырған адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігі көзделген.

       Бұл ретте ерікті түрде тапсыру деп құқық қорғау органдарының қызметкерлері затты адамнан мәжбүрлі түрде алып қоюы немесе оны ұстау, тінту және басқа да тергеу әрекеттері барысында анықтауы саналмайды.

Егер тыйым салынған зат әуежайға келгенге дейін анықталса

       Егер жолаушы ұшуға немесе тексеруден өтуге дейін өзінде тыйым салынған зат бар екенін анықтап, оны ерікті түрде тапсырғысы келсе, оны жасыруға, лақтырып тастауға немесе қоғамдық жерде қалдыруға болмайды.

       Халықаралық әуежайда дереу полиция қызметкеріне, шекара қызметінің қызметкеріне немесе авиациялық қауіпсіздік қызметкеріне жүгініп, тыйым салынған заттың бар екендігін хабарлау қажет. Одан әрі барлық іс-қимылдар уәкілетті органдардың қызметкерлері тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Маңызды! Ерікті түрде тапсыру есірткі құралдарына қатысты жасалған кез келген әрекет үшін автоматты түрде қылмыстық жауаптылықтан босатуды білдірмейді. Құқықтық баға нақты жағдайларға, оның ішінде затты иемдену мақсатына, оның мөлшеріне, тасымалдау тәсіліне және басқа да мән-жайларға байланысты беріледі. Халықаралық рейстердің жолаушыларына қол жүгін және багажын алдын ала тексеріп, шығу тегі немесе заңдылығы белгісіз заттарды тасымалдамау ұсынылады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы