СЭҚ қатысушыларының назарына! Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық теріс әлеуметтік құбылыс ретінде саяси дамуға қарамастан, әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да, масштабымен ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықты жүйелі құбылыс ретінде қабылдай отырып, мемлекет оған қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шаралар жасайды және жүзеге асырады. Мемлекет пен қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар адамдарды анықтауға және жазалауға қабілетті нақты шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ведомстволық бағдарламалары мен жоспарларын қабылдауда. Атқарушы билік органдарының көпшілігінде өз қауіпсіздік қызметтері құрылды, олардың мақсаты билік органдарындағы қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауда мемлекеттің рөлі қаншалықты белсенді болса да, ол осы күресті қарапайым азаматтардың көмегінсіз жасай алмайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жүргізу мақсатында барлық өңірлерде түрлі акциялар мен іс-шаралар, бұқаралық ақпарат құралдарында шаблондық қойылымдар өткізіліп, интернет-кеңістігі де қатысуда. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты зерделеніп, оны іс жүзінде қолдана білу керек. Мұндай елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын зерттеу, олардың іс-қимылдарының негізгі қағидаттары мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және жазалаудың сөзсіздігі екенін, азаматтық қоғамның тарапынан мемлекеттік органдардың жұмысына ұйымдастырылған бақылау, мемлекеттік қызметшілердің жалақысы жоғары, тиімді профилактикалық және алдын алу жұмыстары болып табылатынын көрсетеді. Әрбір азамат заңды басшылыққа ала отырып, өмір сүруге және жұмыс істеуге тиіс. Сыбайлас жемқорлық құбылыстарын болдырмау үшін өз құқықтарын берік білуі, оларды қорғай білуі, жеке, қоғамдық және кәсіби өмірде сыбайлас жемқорлық әдістерін пайдалануды жоққа шығаратын моральдық ұстанымға ие болуы қажет. Егер адам материалдық немесе материалдық емес пайда алу мақсатында өзінің немесе басқа біреудің қызметтік жағдайын заңсыз пайдалануға қатысса, ол сыбайлас жемқорлық жүйесінің құрамына кіреді. Өкінішке орай, халық арасында сыбайлас жемқорлықты қарапайым деп қабылдағанды қалайтын азаматтардың едәуір үлкен тобы бар. Көбісі сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресуге мүмкіндік бермейтін олардың өз әрекеттері деп ойламайды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес, ең алдымен, азаматтардың сыбайлас жемқорлық қатынастарға қатысқысы келмеуінен көрінуі керек. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың құрбаны болмау үшін, сондай-ақ заңдағы қылмыс жолына түспеу үшін сыбайлас жемқорлықпен қалай күресуге болатындығы туралы нақты түсінік болу керек. Пара талап еткенде немесе пара беруден бас тарта алмаған жағдайда (мысалы, өмір мен денсаулыққа қауіп төнген жағдайда) бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлау қажет. Тарифтік реттеу басқармасы Атырау облысы бойынша МКД Тел.: 8(7122) 31-98-26