Меню

Страницы

Статья

Салықтық әкімшілендіру

Салықтық әкімшілендіру салық органдары және бюджетке төленетін салықтар мен төлемдерді жинау, оның ішінде салықтық бақылауды жүзеге асыру, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету және осы Кодексте белгіленген салықтық әкімшілендірудің өзге де нысандары бойынша салық органдары және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шаралар мен тәсілдердің жүйесі (жиынтығы) болып табылады.

1-1. Салықтық әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру мақсатында салық органдары салықтық әкімшілендірудің және салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауының өзге тәртібін көздейтін пилоттық жобаларды іске асыруды (енгізуді) жүзеге асыруға құқылы.

Бұл ретте пилоттық жоба қолданылатын салық төлеушілердің санаттарын, салық төлеушілердің, салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін, пилоттық жобаларды іске асыруды (енгізуді) жүзеге асыратын аумақты (учаскені) және (немесе) өңірді, пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) қағидалары мен мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.

Салықтық әкімшілендіру мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) заңдылық;

2) салық төлеуші мен салық органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру;

3) тәуекелдерді бағалауға негізделген салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезінде сараланған тәсіл қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Дата публикации
09 июня 2021
Дата обновления
09 июня 2021
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 октября 2026
Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау – заңдылықты қамтамасыз етудің тиімді құралы
БАҚ үшін
10 сентября 2026
ТАУАРЛАР ШЫҒАРЫЛҒАННАН КЕЙІНГІ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ – ЗАҢДЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ
Ақпарат
31 августа 2026
Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы