Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау кеден органдары қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Оның негізгі мақсаты – кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау және сыртқы экономикалық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру.
Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылаудың негізгі міндеті – кедендік декларациялау кезінде мәлімделген мәліметтердің дұрыстығын, кедендік құнның дұрыс айқындалуын, тауарлардың ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес сыныпталуын, тауарлардың шығарылған елін, сондай-ақ кедендік төлемдер, салықтар және өзге де міндетті төлемдердің толық әрі уақтылы төленуін тексеру.
Тауарлар шығарылғаннан кейін бақылау жүргізу сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қызметін кедендік операциялар аяқталып, тауарлар шығарылғаннан кейін де тексеруге мүмкіндік береді. Бұл ретте кеден органдары декларациялау кезінде ұсынылған мәліметтерді бухгалтерлік, қаржылық, көліктік және өзге де құжаттармен, сондай-ақ шаруашылық қызметтің нақты деректерімен салыстыру мүмкіндігіне ие болады.
Нәтижесінде тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылауды тиімді жүзеге асыру заңнаманы ерікті түрде сақтау деңгейін арттыруға, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін тең жағдайлар жасауға және адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Осы бағыттың нәтижелілігін одан әрі арттыру мақсатында тәуекелдерді талдау әдістерін жетілдіру, мемлекеттік органдардың ақпараттық өзара іс-қимылын дамыту, цифрлық технологияларды қолдану аясын кеңейту және талдау жұмысының сапасын арттыру орынды.
Аталған шараларды кешенді түрде іске асыру тиімді мемлекеттік бақылау мен сыртқы экономикалық қызметтің адал қатысушылары үшін қолайлы жағдайлар жасау арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.