Салықты, бюджетке төленетін төлемді және өсімпұлды есепке жатқызу және (немесе) қайтару ҚР Салық кодексінің 120-123 баптарына сәйкес жүргізіледі.
Бұл ретте, артық немесе қате төленген салық, бюджетке төленетін төлем немесе өсімпұл ұғымдарды пайдаланады.
Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің немесе өсімпұлдың артық төленген сомасы – салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша бюджетке төленген және есептелген, есепке жазылған сомалар, сондай-ақ есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу күніне басқа салықты, бюджетке төленетін төлемді, өсімпұлды төлеу есебіне есепке жатқызылған және салық төлеушіге қайтарылған сомалар арасындағы оң айырма.
Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың аудару кезінде төлем құжатында салық төлеушінің немесе салық органының сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген; төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сәйкес келмеген; банк ұйымы салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған; тіркеу есебінде тұрмайтын немесе салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын салық төлеуші төлеуді жүргізген сома қате төленген сомасы болып табылады.
Есепке жатқызу және (немесе) қайтару үшін салық төлеуші «Салық төлеушінің кабинеты» ЭЦП арқылы салықтық өтінішті жолдайды. Толтыру кезінде 20- сандық банк есеп шоты (қайтару үшін), бюджеттік сыныптама коды, сомасы, мемлекеттік кірістер органы көрсетіледі. Есепке жатқызу және (немесе) қайтару бес жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарының құзіретіне кірмейтін бюджеттік сыныптама кодынан (мысалы: мемлекеттік баж, алымдар, айыппұлдар және т.б.) есепке жатқызу және (немесе) қайтару кезінде уәкілетті органның растаушы құжат, қорытындыны ұсыну қажет.