«Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережесі»
СЭҚ қатысушылар назарына!
Тиісті өтінімді беру кезінде тауарларды сыныптау «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 41 бабына сай тауарды кедендіқ декларациялаудан бұрын жүргізілуі мүмкін.
Кодекстің 44 бабының 3 тармағына сәйкес тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім белгілі бір марканы, модельді, артикулды және түрленімді қамтитын тауардың әрбір атауы бойынша қабылданады.
Кодекстің 45 бабының 1 тармағына сәйкес кеден органы тұлғаның Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді тұлғаның (бұдан әрі осы тарауда – өтініш иесі) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, электрондық құжат немесе қағаз тасымалдағышта берген, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініші негізінде қабылдайды.
Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш Кодекстің 45 бабының 1 тармағына сәйкес тауардың толық коммерциялық атауын, фирмалық атауын (тауар белгісін), негізгі техникалық және коммерциялық сипаттамаларын және тауарды біржақты сыныптауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты, сондай-ақ тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымның төленгені туралы мәліметті қамтуға тиіс болуы керек
2020 жылғы 10 шілдедегі №665 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарына мемлекеттік қызметтер көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығының «Тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдау» мемлекеттік қызметтерді көрсету ережесі туралы» 22-ші қосымшасына сәйкес «Тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдау» мемлекеттік қызметіне өтініштерді қабылдау және нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы,
2) "Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асады.
Алайда, ағымдағы жылдың 25 шілдесіндегі сағат 18:30-да «Бірыңғай терезе» арқылы шешім қабылдау үшін өтініштерді қабылдау тоқтатылды, содан кейін қабылданған шешімдер туралы мәліметтер «Keden» ақпараттық жүйесіне көшірілді.
2025 жылғы 28 шілдесінен бастап шешім қабылдауға өтініш беру және өңдеу «Keden» АЖ-де жүзеге асырылады. Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар «Keden» ақпараттық жүйесінің басты бетінде орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz,6 сонымен қатар https:// t.me/kedenkgdgovkz/63080 жеке телеграм-чатында орналастырылған (өтініш берушілер үшін). Алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік баж сомасы әрбір тауар атауы үшін 9 АЕК құрайды.
Тарифтік реттеу басқармасы
Атырау облысы бойынша МКД
тел. 31-98-26