Атырау облысы бойынша Ұлттық қорға түсу

2021 жылғы 01 қазандағы қорытынды бойынша Атырау облысының шоғырландырылған бюджетіне 1 726, 3 млрд.теңге сомасында салық және басқа да міндетті төлемдер түсті (ГБ+ҰҚ), оның ішінде Ұлттық қорға 654,9 млрд. теңге сомасында.
Мемлекеттік бюджет жоспарының орындалуы 102% құрады, жоспар бойынша 1 049,9 млрд .теңге, бюджетке 1 071,3 млрд. теңге түсті.
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Бюджетті қамтамасыз ету бойынша қосымша резервтерді болжауды орындау және анықтау мақсатында салықтарды, кедендік және басқа да міндетті төлемдерді әкімшілендіру бойынша іс-шаралар жүргізді, олардың нәтижесінде бюджетке қосымша 10,5 млрд.теңге қамтамасыз етілді.

Дата публикации
21 октября 2021