
"E-Salyq Azamat" тегін мобильді қосымшасы
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасында жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауы үшін түрлі сервистер жиналғанын хабарлайды:
- жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) беру;
- салықтарды Банк бөлімшелеріне бармай және комиссия алмай төлеу;
- салық берешегін тексеру;
- салықтардың артық төленген сомаларын есепке жатқызуды жүргізу;
- мүлік, жер және көлік салығын тексеру және есептеу;
- салық салу объектілерін (жылжымайтын мүлік және көлік)қарау;
- жылжымайтын мүлік және көлік туралы мәліметтерді түзетуге өтінім жіберу;
- жұмыс берушілердің жалақыны, ұсталған табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер сомасын есептеуін тексеру;
- Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету Цетрлеріне бару үшін онлайн брондау.
"E-Salyq Azamat" мобильді қосымшасын "App Store" немесе "Play Market" - тен жүктеуге болады.
Толық ақпаратты ҚР ҚМ МКК сайтынан немесе "1414"нөмірі бойынша алуға болады.