Жалпыға бірдей декларациялау бойынша сұрақ - жауап
2024 жылы бейрезиденттер активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну қажет пе? Жоқ, қажет емес. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексіне бейрезидент жеке тұлғаларды декларанттар шеңберінен активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну міндетінен алып тастау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Мен дара кәсіпкермін және 2023 жылы қызметін тоқтаттым. 2024 жылы 250.00 нысанды декларацияны тапсыруым керек пе? Иә, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру бойынша міндеттемелер (250.00) тоқтатылған және әрекет етпейтін кәсіпкерлерде де туындайды.
Менде Қазақстанның бірнеше қаласында жылжымайтын мүлік бар. Мен барлық пәтерлерімді декларацияда көрсетуім керек пе? Жоқ, активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияда Қазақстан Республикасынан тыс шет мемлекетте тіркелген жылжымайтын мүлік көрсетіледі.
Бұрын мемлекеттік қызметте болған және 250.00 және 270.00 декларацияларын ұсынған. Өткен жылы зейнетке шықтым. Биылғы жылы 270.00 формасын тапсыруым керек пе? Иә, керек. Салық кодексінің 633-бабына сәйкес жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кірген, бұрын 250.00 нысанындағы декларацияларды ұсынған барлық жеке тұлғалар мәртебесіне қарамастан жыл сайын 270.00 декларациясын тапсырады (мемлекеттік қызметтен кетті, зейнетке шықты және т. б.)
Үй жануарларын декларацияда көрсету керек пе (250.00.) егер менде жылқылар мен басқа да жануарлар көп болса? Декларацияда азаматтар қалауы бойынша құны бір басына 1000 АЕК-тен асатын қымбат тұқымды жануарларды немесе 2023 жылы 3,5 млн.теңгені декларациялай алады. Мысалы, асыл тұқымды жылқы, экзотикалық жануар. Ауыл шаруашылығы және үй жануарлары бойынша мәліметтерді Мемлекеттік кіріс органдары уәкілетті органдардан алады.