Тексеру нәтижелері туралы хабарлама, тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендiк тексеру актiсi табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жiберiледi. Тексеру нәтижелері туралы хабарламада:
1) төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
2) төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы, төлеушінің тұрғылықты жері немесе тұрған жері;
3) кеден органының атауы;
4) хабарламаның тіркеу күні мен нөмірі;
5) көшпелі кедендiк тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, пайыздардың есепке жазылған сомасы;
6) хабарлама берілген күнгі өсімпұлдар сомасы;
7) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша міндетті орындау туралы талап;
8) хабарламаны жіберу үшін негіз;
9) осы Кодексте белгіленген мерзімде кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлемеген кезде өсімпұлдарды есептеу тәртібі, пайыздарды есептеу тәртібі;
10) шағым жасау тәртібі;
11) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша міндетке әсер етпеген бұзушылықтарды жою жөніндегі талап;
12) тауарларға арналған декларацияны түзетуді ресімдеу жөніндегі талап көрсетілуге тиіс.
Тексеру нәтижелері туралы хабарлама, қолын қойдырып жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен табыс етілуге тиіс. Бұл ретте төменде тізбеленген тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда:
1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жiберiлгенде – төлеушi пошта операторының хабарламасына белгi қойған күннен бастап;
2) электрондық тәсiлмен жiберiлгенде – веб-қосымшада хабарлама жеткізілген күннен бастап төлеушіге табыс етілген болып саналады.
Электрондық тәсілмен жіберілген хабарлама:
уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының ақпараттық жүйесін пайдаланушы ретінде тіркелген;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген төлеушіге қолданылады.
Көрсетілген хабарламаға тексерілетін тұлғаның шағым жасау жағдайын қоспағанда, тексеру нәтижелері туралы хабарламадағы талаптар тексерілетін тұлғаға хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.