Алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия алуға арналған жадынама  

 

Өтініш беру тәсілдері:

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде: www.egov.kz, www.elicense.kz.

 

Құжаттар тізімі:

  1. Лицензия алуға өтініш (1 немесе 2- сайттағы қосымшалар);
  2. «Электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  3. Жалға алу немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі-осы шарттар бір жылдан кем мерзімге жасалған жағдайда;
  4. Алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына мәліметтер нысаны (қосымша 3, яғни сумен жабдықтау, электро қуатымен жабдықтау және кәріз жүйесі болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер);
  5. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының тіркелгенін растайтын тіркеу карточкасы.

 

Лицензиялық алымды төлеу жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша өтініш бергенге дейін жүргізіледі:

    лицензия алу кезінде: 100 АЕК

    БСК: 105402

    ТТК:  911

 

 

Лицензияны беру не оларды беруден дәлелді бас тартуды лицензиар 1 (бір) жұмыс күннен кешіктірмей береді (өтініш берілген күн есептелмейді).

 

Лицензиялық алымды төлеген адамдар лицензияны алудан тиісті құжаттарын бергенге дейін бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару жүргізілмейді.

Дата публикации
05 июня 2025