Резиденттікті растайтын құжатты алу

 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 218-бабы 2-тармағына сәйкес, халықаралық шартты қолдану, сондай-ақ өзге де мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының резиденттігін растау мақсатында тұлға мұндай тұлға орналасқан, тұратын (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған салық органына резиденттікті растау туралы салықтық өтініш ұсынады, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы резиденттігін растау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес, «Қазақстан Республикасы салық резиденттігін растау» мемлекеттік қызметі жеке және заңды тұлғаларға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе (және) Салық төлеушінің кабинетi (ЭСҚН) арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушылар 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 218-бабына сәйкес құжаттарды ұсынады.

1) өзінің тиімді басқару орнының Қазақстан Республикасында болуы негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға – заңды тұлғаны тиімді басқару орнының (нақты басқару органы тұрған жер) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (өткізілген орны көрсетіле отырып, директорлар кеңесінің немесе соған ұқсас органның жалпы жиналысы хаттамасының немесе негізгі басқару және (немесе) бақылау, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүргізуі үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау орнын растайтын өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшірмесін;

2) резидент болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы – жеке куәлігінің немесе Қазақстан Республикасы паспортының көшірмесін;

3) резиденттер болып табылатын шетелдік және азаматтығы жоқ адам мыналардың:

шетел паспортының немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің;

Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (ол болған кезде);

Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшірмелерін;

4) "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам:

шетел паспортының немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесін;

Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшiрмесiн;

резиденттікті растайтын құжатты бергені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;

"Астана" халықаралық қаржы орталығының актісінде белгіленген нысан бойынша тиісті кезеңге "Астана" халықаралық қаржы орталығының Әкімшілігі беретін, "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыру туралы растау хатты;

шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына қатысу үшін бастапқы өтініш жасау алдындағы соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған адам болып табылмайтыны туралы ішкі істер органы берген растау хатты ұсынуға міндетті. Осы абзацтың мақсаттары үшін ішкі істер органы берген растау хатта шетелдіктің шетел паспортының немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің мәліметтері қамтылуға тиіс.

Бастапқы өтініш жасау кезінде резиденттікті растайтын құжат берілген жағдайда, резиденттікті растауға салықтық өтінішті кейіннен берген кезде ішкі істер органы берген растау хатты ұсыну талап етілмейді.

 

      Резиденттікті растайтын құжат резиденттікті растайтын құжатты бергені үшін алым төлеу жүргізілген күнтізбелік жылға беріледі.

  1. Резиденттікті растауға арналған салықтық өтінішті қарау қорытындылары бойынша салық органы оны ұсынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде:

      1) тұлғаға уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша оның резиденттігін растайтын құжатты береді немесе шет мемлекеттің құзыретті органы белгіленген нысан бойынша оның резиденттігін растайды.
 Резиденттікті растайтын құжат электрондық құжат нысанында берілген жағдайда, осындай құжатты уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру күні беру күні болып табылады;

      2) тұлғаның резиденттігін растаудан бас тарту туралы негізделген шешім шығарады.

      Тұлғаның резиденттігін растаудан бас тарту мынадай:

      осы Кодекстің 217-бабында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген;

 "Астана" халықаралық қаржы орталығы инвестициялық резидентінің резиденттігін растауға арналған өтініште көрсетілген кезең резиденттікті растайтын құжат берілгені үшін алым төленген кезеңге сәйкес келмеген жағдайларда жүргізіледі.

  1. Тұлғаның резиденттігі осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде, резиденттікті растауға арналған салықтық өтініште көрсетілген әрбір күнтізбелік жыл үшін расталады.
  2. Резиденттікті растайтын құжат жоғалған жағдайда, осындай құжатты берген салық органы резиденттің өтініші ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның телнұсқасын береді.
Дата публикации
05 июня 2025