ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлар туралы міндетті алдын ала хабардар ету тәртібі

ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлар туралы міндетті алдын ала хабардар ету тәртібі

 

Алдын ала ақпарат ұсынудың мақсаты кеден органдарының тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келгенге дейін тәуекелдерді бағалау және кедендік бақылау объектілерін, нысандарын және кедендік бақылау жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды таңдау туралы алдын ала шешімдер қабылдауы үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуі жоспарланатын тауарлар туралы мәліметтер алуы болып табылады.

Кеден органдары алдын ала ақпаратты кедендік операциялар жасауды жеделдету және кедендік бақылау жүргізуді оңтайландыру үшін пайдаланады. 

Электрондық құжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпарат тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар етуге, тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға, кедендік декларациялауға байланысты кедендік операциялар жасау, сондай-ақ Комиссия айқындайтын өзге де кедендік операциялар жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Алдын ала ақпарат тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келгенге дейін, аумағында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуі жоспарланған орны орналасқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылады.

Алдын ала ақпарат тұлғаның таңдауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсынылады.

Кеден органы ұсынылған алдын ала ақпаратты оған тіркеу нөмірін беру арқылы тіркейді.

Алдын ала ақпараттың тіркеу нөмірі көрсетіле отырып, алдын ала ақпаратты тіркеу туралы не бас тарту себептері көрсетіле отырып, оны тіркеуден бас тарту туралы мәліметтер алдын ала ақпаратты ұсынған тұлғаға электрондық нысанда жіберіледі.

Алдын ала ақпарат кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде сақталады.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына міндетті түрде ұсынылуға тиіс алдын ала ақпарат ұсынылмай немесе оның ұсынылу мерзімі бұзыла отырып келген тауарлар, сондай-ақ осындай алдын ала ақпаратты белгіленген мерзімдерде ұсынбаған тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзу тәуекелінің деңгейі жоғары санатқа жатады.

Міндетті түрде ұсынылуға тиіс алдын ала ақпарат ұсынылмаған немесе оны ұсыну мерзімдері бұзылған кезде, тауарларды кедендік жете тексеру не кедендік бақылаудың өзге нысандары және (немесе) тәуекелдерді басқару жүйесі айқындаған кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралар қолданылады.

 Кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелерде байланыс құралдары (телекоммуникациялық желілер және Интернет желісі) жұмысының техникалық іркілістерінен, бұзылуынан, электр энергиясының өшіп қалуынан болған ақаулықтарға байланысты кеден органдары тауарларға қатысты алдын ала ақпаратты ала алмаған және (немесе) өңдей алмаған тауарлар бойынша осындай тауарларға қатысты кедендік бақылау нысандарын қолдану туралы шешімді кеден органы келу кезінде ұсынылған мәліметтер (құжаттар) негізінде қабылдайды.

Алдын ала ақпарат ұсынылмауы мүмкін:

1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін, жеке пайдалануға арналған тауарларға;

2) халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларға;

3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасындағы халықаралық шарттарға сәйкес артықшылықтарды және (немесе) иммунитеттерді пайдаланатын халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің ресми пайдалануына арналған тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарға сәйкес артықшылықтарды және (немесе) иммунитеттерді пайдаланатын жеке тұлғалардың жекелеген санаттарының жеке пайдалануына арналған тауарларға;

4) дүлей зілзалалардың, авариялар мен апаттардың салдарларын жою үшін өткізілетін тауарларға;

5) мәртебесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген рұқсатнамамен (әскери рұқсатнамамен) расталатын әскери жүктерге;

6) келу орнында арнайы кедендік рәсіммен орналастырылатын тауарларға;

7) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақ тауарларына;

8) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара сәйкес келетін ЕЭА аумағына әкелінетін тауарларға.

Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларға қатысты алдын ала ақпарат ұсынылмайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
23 мая 2025