«Астана қаласының 2024 ж. жергілікті бюджеті 107,7%- ға орындалды»
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жергілікті бюджетке түсімдер 1 087,6 млрд. теңге сомасында қамтамасыз етілді немесе жоспар 107,7% орындалды (жоспар 1 010,0 млрд.теңге). 2023 жылмен салыстырғанда түсімдер 1,4 есеге немесе 311,7 млрд.теңгеге өскен.
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің ең жоғары түсімдері корпоративтік табыс салығы (131,3 млрд.теңгеге), әлеуметтік салық (44,7 млрд.теңгеге), төлем көзінен салық салынатын табыс бойынша жеке табыс салығы (37,5 млрд.теңге), төлем көзінен салық салынбайтын табыс бойынша жеке табыс салығы (33,1 млрд.теңгеге).