«Астана қаласының 2022 жылғы мемлекеттік бюджеті 105,0%- ға орындалды»
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке түсімдер 2 056,3 млрд. теңге сомасында қамтамасыз етілді немесе жоспар 105,5% орындалды (жоспар 1 957,6 млрд.теңге). 2021 жылмен салыстырғанда түсімдер 1,4 есеге немесе 615,0 млрд.теңгеге өскен.
Республикалық бюжетті қосқанда жоспар 104,7% орындалды (1 388,2 млрд. теңге жоспарда, 1 453,8 млрд.теңге түсімдер түскен), 2021 жылмен салыстырғанда кірістер 1,5 есеге немесе 508,7 млрд.теңгеге өсті.
2021 жылмен салыстырғанда республикалық бюджет кірісінің ең жоғары өсімі отандық тауарларға қосылған құн салығында (167, 9 млрд.теңгеге), корпоративтік табыс салығында (129, 9 млрд.теңгеге), үшінші елдерден әкелінетін импортқа қосылған құн салығында (61, 9 млр.теңге), ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығында (14,2 млрд.теңгеге), мұнайға экспорттық кедендік БАЖ салығы (11, 4 млрд.теңгеге).
Жергілікті бюджетке 602,5 млрд.теңге немесе жоспар 105,8% -ға (569,4 млрд.теңге) орындалды, 2021 жылмен салыстырғанда түсімдер 1,2 есеге немесе 106,2 млрд.теңгеге өсті.
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің ең жоғары өсімі жеке табыс салығы бойынша (38,2 млрд.теңгеге), корпоративтік табыс салығы (25,2 млрд.теңгеге), әлеуметтік салықтан (24,9 млрд.теңгеге) байқалады.