2024 жылдың 1 қазанына мемлекеттік бюджетке түсімдер 2 719,5 млрд. теңге сомасында қамтамасыз етілді немесе жоспар 134,6%-ға орындалды (жоспар 2 020,4 млрд.теңге). 2023 жылмен салыстырғанда түсімдер 1,6 есеге немесе 1 022,4 млрд.теңгеге өскен.
Республикалық бюжетті қосқанда жоспар 147,2% орындалды (1 314,0 млрд. теңге жоспарда, 1 933,7 млрд.теңге түсімдер түскен), 2023 жылмен салыстырғанда кірістер 1,7 есеге немесе 808,4 млрд.теңгеге өсті.
2023 жылмен салыстырғанда республикалық бюджет кірісінің ең жоғары өсімі корпоративтік табыс салығында (90,5 млрд.теңгеге), ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығында (43,0 млрд.теңгеге).
Жергілікті бюджетке 785,8 млрд.теңге немесе жоспар 111,2% -ға, 2023 жылмен салыстырғанда түсімдер 214,0 млрд.теңгеге өсті.
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің ең жоғары өсімі корпоративтік табыс салығында (95,7 млрд.теңгеге), әлеуметтік салықтан (36,7 млрд.теңгеге), төлем көзінен салық салынбайтын жеке табыс салығы бойынша (28,5 млрд.теңгеге), төлем көзінен салық салынатын табыс бойынша жеке табыс салығы (25,5 млр.теңгеге).