2024 жылға бұзушылықтар жасауға жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаментінің Астана қаласы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі

іс-шаралар жоспары

 

№

п/п

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сипаты

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар

Іс-шара

Аяқтау

нысаны

Жауапты

орындаушылар

 

Орындау мерзімі

1

Бұйрықта кедендік жете тексеруді тағайындау уақытын белгілеу мерзімі нақты көрсетілмеген, нәтижесінде МКО қызметкерінің бұл мәселеге субъективті түрде қарауға мүмкіндігі бар.

Кодексте және бұйрықта мұндай норманың болмауы МКО лауазымды қызметкерлеріне кедендік жете тексеруді жүргізу мерзімдерін заңсыз создыруына мүмкіндік береді.

Нақты регламенттің болмауы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды қызметкерлері декларанттарға заңсыз артықшылық беру мүмкіндігінен тұратын ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.

МКК-ға Бұйрықтың 2-тарауын келесі мазмұндағы 7.1-тармақпен толықтыру: "Кедендік жете тексеруді тағайындау күні мен уақыты жете тексеруді жүргізу туралы шешім қабылданған күні 1 жұмыс күні ішінде тағайындалады" туралы ұсыныстар жолдау

 

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 ""Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу.

Кедендік бақылау басқармасы

ҚР ҚМ 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығына өзгерістер енгізілуіне қарай.

 

2024 жылдың

4 тоқсаны

2

Кодексте жоғарыда көрсетілген норманың болмауы МКО лауазымды тұлғаларына кедендік қарап-тексеруді заңсыз жүргізуге, атап айтқанда үй-жайлар мен аумақтардың, белгіленген талаптарға сәйкес келмеу ықтималдығын жасыруға мүмкіндік береді, бұл мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғалары мен бизнес қатысушыларының өзара қарым-қатынасында болатын әлеуетті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.

Кедендік тексеруді заңсыз жүргізуді болдырмау мақсатында "ҚР Кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің 415-бабының 8-тармағына толықтыру енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз.

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

"ҚР Кедендік реттеу туралы" ҚР кодексіне өзгеріс енгізу.

Кедендік бақылау басқармасы

ҚР "ҚР Кедендік реттеу туралы"Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне қарай.

2024 жылдың 4 тоқсаны

3

"Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты кейбір мәселелер туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне (бұдан әрі - 107-шешім) сәйкес бірақ 250-бұйрықта көрсетілмеген нормалары шеңберінде 10 000 еуродан және 50 кг-нан аспайтын тауарларды алып жүру кезінде жеке тұлғаның кеден бекетінің қызметкерімен жасыл дәліз арқылы кедергісіз өту туралы сөз байласуы мүмкін, себебі 250-бұйрық жеке тұлғалар өткізетін тауарлардың шектеулі тізімін қамтиды. Бүгінгі таңда тауарлардың ассортименті өте үлкен оған: радио, электр жабдықтары, тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ, түрлі гаджеттер, косметика және т.б. жатады.

250 бұйрыққа кедендік баждардың, салықтардың, жеке пайдалануға арналған тауарлар санатының бірыңғай ставкаларын белгілеу бөлігінде толықтыру енгізуді, сондай-ақ жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың өткізу жиілігін айқындауды ұсынамыз, бұл жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу кезінде кеден бекетінің қызметкері мен жеке тұлға арасындағы сөз байласуды болдырмауға мүмкіндік береді.

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

«Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін белгілеу туралы» ҚР ҚМ 2015 жылғы 31 наурыздағы №250 бұйрығына өзгеріс енгізу.

Кедендік бақылау басқармасы

ҚР ҚМ 31.03.2015 ж. № 250 бұйрығына өзгерістер енгізілуіне қарай.

2024 жылдың

4 тоқсаны

4

Салық төлеуші (салық агенті) шағымды қарау кезіңде салықтық тексеру барысында берілмеген құжаттарды ұсынған жағдайда, уәкілетті орган осы Кодекстің 186-бабында белгіленген тәртіппен тағайындалатын тақырыптық және (немесе) қайта тақырыптық тексерулер барысында осындай құжаттардың дұрыстығын айқындауға құқылы.

Салықтық тексеру жүргізу кезінде қосымша құжаттардың қабылдануын болдырмау үшін ҚР Салық кодексінің 181-бабының 4-тармағын алып тастау қажет.

 

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

ҚР Салық кодексінің 181-бабына өзгеріс енгізу.

Аудит басқармасцы

2024-2025ж.ж.

5

"ҚР-дағы кедендік реттеу туралы" ҚР 26.12.2017 ж. №123-VI ҚРЗ Кодексінің 175-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды пайдалана отырып, кедендік декларациялауға жазбаша нысанда жол беріледі. Тауарларға арналған декларация ретінде пайдалана отырып, тауарларды декларациялау мүмкіндігі/мүмкінсіздігі туралы шешімді мемлекеттік кірістер органдарының уәкілетті лауазымды тұлғасы қабылдайды.

  Лауазымды тұлғалардың қатысуымен Техникалық реттеу шараларының сақталуын бақылау мемлекеттік кірістер органдары тауарларды кедендік декларациялау кезінде кедендік декларация ретінде көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды пайдалана отырып, тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) міндетті түрде пайдалана отырып, электрондық нысанда ғана және форматтық-логикалық бақылау (ФЛБ) мүмкін болады.

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

"Кеден" АЖ іске асыру

"Астана-кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті

2024-2025 ж.ж.

6

Қызметкердің экспорттаушымен/импорттаушымен байланысы (хат алмасу) ақпараттық жүйелерді пайдаланбай қағаз жүзінде жүргізіледі.

Қызметкердің заңды және жеке тұлғалармен тікелей байланысын болдырмау мақсатында валюталық бақылауды жүргізетін қызметкерлерге "салық төлеуші кабинеті"АЖ арқылы экспорттаушылардың/импорттаушылардың атына сұрау салулар жіберуге мүмкіндік беру қажет.

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

"Салық төлеуші кабинеті" АЖ кіруін қол жетімді қылу

Тарифттық реттеу басқармасы

2024-2025ж.ж.

7

Салық төлеушінің камералдық бақылау хабарламасын орындау процесінде салық төлеушінің хабарламаның орындалу барысын және камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындысын бақылауға мүмкіндігі жоқ, яғни хабарламаның орындалу/орындалмағаны туралы салық төлеушімен кері байланыс жоқ, яғни «Салық төлеушінің кабинетінде» хабарламаларының орындалу жай-күйін бақыла мүмкіндігі жоқ. Мұндай мүмкіндіктің жоқтығынан салық төлеушілер ақпарат алу үшін маманға жүгінеді.

Камералдық бақылау хабарламалары бойынша негізсіз шаралар қабылдауды болдырмау үшін хабарламаның толық орындалғанға дейін оның орындалуын қадағалау режимін енгізуді және "салық төлеуші кабинеті" АЖ (СТК) қорытындысын қалыптастыруды, сондай-ақ шаралар қабылдау процесін автоматтандыруды ұсынамыз: салық төлеуші тарапынан қарау мүмкіндігімен салық төлеуші кабинетінде шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы хабарламаның орындалу мәртебесін беру, салық төлеуші тарапынан қарау мүмкіндігімен СТК-де шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы дер кезінде орындалмаған хабарламалар бойынша әкімшілік материал жасау үшін СТК-ға электрондық тәсілмен келу.

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

"Салық төлеуші кабинеті"АЖ қосымша режимдерін әзірлеу.

Камералдық мониторинг басқармасы

«Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» АЖ-ны іске асыру 2024ж.

8

Егер РВУ-дың Бірыңғай Деректер Қоймасында хабарлама қойылған салық төлеушіде ЭЦҚ жоқ болса, хабарлама тапсырысты пошта арқылы жіберіледі.  Конверт регламентке сәйкес қайтарылған жағдайда шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім қойылады және салықтық тексеру актісі жүргізіледі. Әрі қарай, егер хабарлама жеке берілсе, шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі РВУ-да автоматты түрде қайтарылады. Тапсырылған хабарлама 30 жұмыс күні өткеннен кейін орындалмаған жағдайда салық төлеушінің банктік шоттарына шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім қайта қойылуы тиіс, алайда бұл өкім РВУ жүйесінде қайта қойылмайды сол себептен қызметкерлер ҚР БСАЖ базасы бойынша хабарлама (техникалық телнұсқа) жасау жолымен шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін қалыптастырады.

Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі АЖ-да орындалмаған хабарламалар бойынша деректердің бірыңғай қоймасына хабарлама беру режиміне шығыс операцияларын қайта қалыптастыру тоқтата тұру мүмкіндігін іске асыру қажет.

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

Шығыс операцияларын тоқтата тұру мүмкіндігін хабарламаларды беру режимінің бірыңғай деректер қоймасы арқылы қайта қалыптастыру.

Камералдық мониторинг басқармасы

«Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі»  АЖ-ны іске асыру 2024ж.

9

"Бірыңғай деректер қоймасы" хабарлама беру режимі ақпараттық жүйелерінде шығыс операцияларын алыптастырылуын тоқтата тұру бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындамау себебінен қазіргі уақытта барлық қызметкерлерде БСАЖ АЖ (банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерді басқару) арқылы шығыс операцияларын тоқтата тұруға кері қайтарып алу мүмкіндігі бар.

Заңсыз кері қайтарып алу фактілерін болдырмау шығыс операцияларын тоқтата тұру үшін аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы орынбасарларының деңгейінен төмен емес кері қайтарып алуды жүзеге асыру ұсынылады.

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

Мемлекеттік кірістер аудандық басқармасы орынбасарларының деңгейінде шығыс операцияларын тоқтата тұруды кері қайтарып алуды жүзеге асырудың салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесін АЖ-да іске асыру.

Камералдық мониторинг басқармасы

«Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» АЖ-ны іске асыру 2024ж.

10

Бүгінгі күні ҚҚС қайтару бойынша тексерулерді бөлу рәсімін бөлім басшысы немесе басқарма басшысы қолмен жүргізеді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және объективтілік үшін Мемлекеттік кірістер органдары ақпараттық жүйелері арқылы ҚҚС қайтару бойынша тексерулерді бөлу процесін автоматтандыруды ұсынамыз.

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

ҚҚС қайтару бойынша тексерулерді бөлу процесін автоматтандыру

Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы

2024-2025ж.ж.

11

Тексеру жүргізу кезінде қайтаруға жатпайтын ҚҚС сомасы келесілерден тұрады:

- 1 деңгей бойынша анықталған бұзушылықтар бойынша қайтаруға жатпайтын ҚҚС сомасы;

- ТБЖ қолдану нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың болуына байланысты қайтаруға жатпайтын ҚҚС сомалары;

- тәуекел пирамидасын қолдану нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың болуына байланысты қайтаруға жатпайтын ҚҚС сомалары;

- валюталық кіріс түспеген тауарлардың экспорты бойынша ҚҚС сомасы;

- тауарлар экспортын растау фактісі жоқ ҚҚС сомасы және т. б. Бұл сомаларды қызметкерлер ЕДБ мәліметтері, пирамида есептері және т. б. негізінде дербес есептейді.

Адам факторы жол берген негізсіз қайтаруды болдырмау мақсатында тәуекел пирамидасының есебі бойынша ТБЖ қолдану кезінде қайтарылуға жатпайтын ҚҚС ең аз сомасын шығару жолымен қайтарылуға жатпайтын ҚҚС сомаларын есептеуді автоматтандыруды ұсынамыз.

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

Қайтаруға жатпайтын ҚҚС сомаларын есептеуді автоматтандыру

Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы

2024-2025ж.ж.

12

"Оңалту және банкроттық туралы" ҚРЗ 100-бабына сәйкес, Құрылтайшыны немесе лауазымды адамды субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы сот актісінің орындалуы нәтижесінде банкорттың мүліктік массасына келіп түскен ақша кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жіберуге жатады. Мұндай ақшаның есебінен әкімшілік шығыстарды өтеуге жол берілмейді. Осыған байланысты банкроттықты басқарушының борышкердің өкілімен құжаттарды қабылдаудың жалған актісін жасау арқылы қаржылық-бухгалтерлік құжаттаманы беруге қатысты сөз байласу ықтималдығы туындайды. Құжаттамаға нақты қолжетімділіктің болмауына байланысты МКБ қызметкерлері мен банкроттықты басқарушы банкроттардың лауазымды тұлғаларын субсидиарлық жауапкершілікке тартпай, қорытынды есеп келісіледі.

Банкроттардың лауазымды тұлғалары есебінен банкроттықты басқарушының әкімшілік шығыстарын төлеу мәселесін қарау үшін "оңалту және банкроттық туралы"ҚР Заңына өзгеріс енгізуді ұсынамыз.

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

"Оңалту және банкроттық туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізу.

Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы

"Оңалту және банкроттық туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізілуіне қарай.

2024-2025ж.ж.

13

Бүгінгі күні Астана қаласы бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармалары мүлікке иелік етуді шектеу туралы шешімдерді, мүлікке иелік етуді шектеу туралы шешімдерді кері қайтарып алу тәртібі уәкілетті органдарға, атап айтқанда Әкімшілік полиция басқармасына (МАИ) және Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына "Word" форматындағы құжатпен "Документолог" бағдарламасы арқылы жібереді. Тиісінше, бұл әдіс сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға және уақтылы шаралар қабылдамауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындауы үшін мүмкіндік болып табылады. Мысалы, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері борышкерлерді, мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім қабылдау қажет салық төлеушіні тізімнен алып тастай алады ("Word"форматы болғандықтан) немесе көшіру және жүйден шығару кезінде қателік жіберуі мүмкін.

Мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын уақтылы қабылдау үшін мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім түрінде, сондай-ақ мұндай шешімдерді кері қайтарып алу үшін мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімдерді уәкілетті органдарға жіберу процесін автоматтандыруды ұсынамыз.

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі АЖ да процесті автоматтандыру

Берешектермен жұмыс басқармасы

АЖ іске асыру шеңберінде салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі

4 тоқсан 2024 ж.

 

2024 жылға бұзушылықтар жасауға жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Дата публикации
19 ноября 2024