Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметіндегі
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша
Аналитикалық анықтама
Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2023 жылғы 13 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекіткен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №488 әдістемелік ұсынымдарға, "Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" 2023 жылғы 25 сәуірдегі №129/1 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін ықтимал себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды 2023 жылғы 25 сәуірдегі №129/1 бұйрықта айқындалған салалық заңнаманы өз қызметінде қолдануда практикалық тәжірибесі бар қызметкерлер: департамент басшысының орынбасары, департаменттің басқарма басшылары мен кеден бекеттерінің басшыларынан тұратын жұмыс тобы жүргізді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және ұсынымдар әзірлеу үшін ақпараттық жүйелердің деректері және басқа да талдамалық ақпарат зерделенді.
Департаменттің басқармалары мен кеден бекеттеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі кезеңдер бойынша бекітілген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылды:
1) талдау объектісі туралы ақпаратты жинау және қорыту;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына талдау объектісінің қызметін, оның ұйымдастырушылық-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды талдау;
3) талдамалық анықтаманы дайындау және оған қол қою.
Жұмыс барысында талданды:
- Департаменттің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар;
- Мемлекеттік қызмет көрсету;
- талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
- 2022 жылдың кезеңі мен 2023 жылдың өткен кезеңі үшін бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
- Ақпараттық жүйелер;
- бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілерін анықтау;
- мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау;
- жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы) фактілерін анықтау;
- мүдделер қақтығысы болған кезде лауазымдық міндеттерді жүзеге асыру фактілер
- мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқуға жіберу.
Департамент жұмысының салааралық сипаты мен функцияларының көптігін ескере отырып, қызметтің 3 негізгі бағытын талдаумен қамтылды, оның ішінде:
1.бақылау-тексеру функцияларын іске асыру
2.Мемлекеттік қызмет көрсету
3.МКО қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді талдау
Талдау нәтижиесі бойынша сыбайлас жемқорлық фактісінің 5 тәуекелі анықталды:
Талдаумен қамтылған қызмет бағыты
1.Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру
Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы
Салықтық тексерулер жүргізу бөлігінде салықтық әкімшілендіру бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру
Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы
Қолданыстағы салық заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және соған байланысты салықтарды, алымдарды және басқада міндетті төлемдерді қосымша есептеу. Сыбайлас жемқорлық жағдайының туындауы заңмен белгіленген мерзімдерді сақтау бөлігінде тексеріс жүргізуге талаптарды, нұсқамаларды, салықтық тексерісті тоқтату және қайта жүргізу туралы хабарламаларды тапсыру кезіңде салықтөлеушілердің қызметкерлермен тікелей байланысы болып табылады.
Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар
Салықтөлеушілерге тексеріс өткізу туралы нұсқаманы, құжаттарды ұсыну туралы талаптарды, салықтық тексерістін мерзімдерін тоқтату немесе қайта жүргізу туралы хабарламаларды ұсыну мүмкіндігі болмауына байланысты Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы кодекстің 146-бабына сәйкес, құжаттарды электронды түрде ұсыну туралы талапты тапсыру туралы өзгерістер енгізу қажет салықтөлеушілер кабинеті арқылы, және веб-қосымшада тексерісті өткізуге нұсқаманы тапсыру бөлігінде Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы кодекстің 149-бабына толықтырулар енгізу қажет.
2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы
Камералдық тексеру нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы орындалмаған хабарламалар бойынша мамандар деңгейінде ШОТӨ-ін заңсыз қайтарып алу.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындамау себебінен АЖ БДҚ ХР-де құрылған ШОТӨ бойынша қазіргі уақытта барлық қызметкерлерде БСАЖ АЖ арқылы ШОТӨ-ін кері қайтарып алу мүмкіндігі бар (банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерді басқару).
Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында келісім регламентін бекіту ұсынылады, оған сәйкес БСАЖ АЖ-да ШОТӨ-ін кері қайтарып алу МКБ-ның орынбасарларының деңгейінен төмен қызметкерлерге шектеу.
1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы
Дебитордан өндіріп алынған сомалардың нәтижесінде пайда болған артық (қате) төленген сомаларды қайтаруды жүргізу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы
Салықтөлеушілердің өтініші бойынша салық тексеріс нәтижелерін шағымдану кезіңде дебитордан өндіріп алынған берешек сомаларын борышкерге қайтару жүргізіледі
Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар
Тексеру нәтижелері бойынша хабарламаларға шағым болған кезде артық (қате) төленген сомаларды қайтарудан бас тарту.
3.МҚО қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді талдау
1)Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 551,553,535-баптары бойынша кеден заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін СЭҚ қатысушыларына әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбау мүмкіндігі, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 288 және 558-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту не тартпау жөнінде шешім қабылдау кезінде лауазымды адамның қалауы бойынша өкілеттіктері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаның талаптары орындалмаған кезде тексерілетін тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 288 және 558-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады, бұл бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарлама белгіленген.
СЭҚ қатысушысы кеден заңнамасын бұзған жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 535,551,553 жәнет.б. баптарында әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген, тексеру кезеңінде құжаттарды ұсыну бойынша талаптар орындалмаған жағдайда СЭҚ қатысушысы ҚР ӘҚБтК-нің 558 және 288-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту.
Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар
Қаралып отырған жағдайда Бұйрық нормалары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және тексеруші тұлғалар үшін хабарламаны орындамаған кезде ҚР ӘҚБтК-нің 558 және 288-баптары бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарту не тартпау жөнінде өз бетінше шешім қабылдау мүмкіндігін туғыза отырып, ҚР ӘҚБтК-не қайшы келеді.
Бұйрықтың 16-қосымшасына сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламалар нысанында ҚР ӘҚБтК 558 және 288-баптарын алыптастау қажет деп санаймыз, бұл СЭҚ қатысушысын әкімшілік жауапкершілікке толық тартуға мүмкіндік береді.