Заң шығару жұмысының 2021 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Парламентінің жетінші шақырылымы)

"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Заң шығару жұмысының 2021 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспары (Қазақстан Республикасы Парламентінің жетінші шақырылымы) (бұдан әрі – тұжырымдамалық жоспар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметіне:

1) тұжырымдамалық жоспарды іске асыруды қамтамасыз ету;

2) жыл сайын 25 қаңтарға қарай жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне тұжырымдамалық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қол қойылған.

Жалпыға бірдей декларациялау
Дата публикации
24 апреля 2021