«2026 жылдың сегіз айы қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің атқарылуы 118,4%-ды құрады»

«2026 жылдың алғашқы сегіз айындағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы 118,4%-ды құрады». 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері 2 465,9 млрд теңге көлемінде қамтамасыз етілді, бұл жоспардың 118,4%-ын құрайды (жоспар — 2 081,8 млрд теңге). 2025 жылмен салыстырғанда түсімдер 550,7 млрд теңгеге немесе 28,8%-ға өсті. 2025 жылмен салыстырғанда республикалық бюджетке түсетін түсімдердің ең жоғары өсімі мына салық түрлері бойынша байқалады: Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша — 333,1 млрд теңгеге; Мұнай секторындағы ұйымдардан түсетін түсімдерді қоспағанда, резидент заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша — 105,6 млрд теңгеге; Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін тауарларға салынатын ҚҚС-ты қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша — 72,8 млрд теңгеге.

Дата публикации
14 сентября 2026