2026 жылғы 1 қыркүйек жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке түсімдер 2 465,9 млрд. теңге сомасында қамтамасыз етілді немесе жоспар 118,4% орындалды (жоспар 2 465,9 млрд.теңге). 2025 жылмен салыстырғанда түсімдер 550,7 млрд.теңгеге, немесе 128,8% өскен.
Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің ең жоғары түсімдері ҚР аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге қосылған құн салығы (330,1 млрд.теңгеге), мұнай секторындағы ұйымдардан түсетін кірістерді қоспағанда, резидент заңды түлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы (105,6 млрд.теңгеге), РФ мен Беларусь Республикасының аумағынан импортталған тауарларға ҚҚС қоспағанда, ҚР аумағына импортталған тауарларға қосылған құн салығы (72,8 млрд.теңгеге).