Бүгін Powerexpo Almaty 2026 халықаралық көрмесі аясында бизнеске арналған салық салу және қаржылық құралдардың өзекті мәселелеріне арналған практикалық сессия өтті.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен Әуезов ауданы бойынша МКБ басшысының орынбасары Қалиақбар Бек Болатжанович баяндама жасады.
Баяндама тақырыбы: «Корпоративтік табыс салығы: аванстық төлемдерді әкімшілендірудің, салықтық жеңілдіктер мен преференцияларды қолданудың практикалық аспектілері»
Жалпы алғанда, жеке тұлғалардың мобильді аударымдары салық салу объектісі болып табылмайды.
Салық салуға тек кәсіпкерлік қызметтен алынған табыстар жатады.
Туыстардан келіп түсетін аударымдар, сыйлық, материалдық көмек немесе жеке қажеттіліктерге арналған жинақтар түріндегі қаражат, табыс болып саналмайды және салық салуға әрі декларациялауға жатпайды.
Сонымен қатар, тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін ақшалай қаражаттың жүйелі түрде келіп түсуі мұндай операцияларды кәсіпкерлік қызмет ретінде тануға негіз болуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда қызметті белгіленген тәртіппен жүзеге асыру қажет, яғни, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, бөлек есеп айырысу шотын пайдалану және бақылау-касса машинасын немесе мобильді қосымшаны қолдану қажет.
Екінші деңгейдегі банктер мобильді аударымдар туралы мәліметтерді тек белгіленген критерийлер бір мезгілде болған жағдайда ғана ұсынады: үш ай қатарынан жеке тұлғаның шотына әртүрлі тұлғалардан 100 және одан да көп аударымның түсуі және сомасының 12 ең төменгі жалақы мөлшерінен, яғни, 1 020 000 теңгеден асуы.
Екінші деңгейдегі банктер ұсынған ақпарат салық органдары тарапынан салық төлеушілердің салық міндеттемелерін сақтауына камералдық бақылау жүргізу мақсатында пайдаланылады.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, 30 жұмыс күні ішінде орындалуы керек хабарлама жолданады.
Хабарламаға жауапты мемлекеттік кірістер органдарына жеке бармай-ақ, қашықтан — салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы ұсынуға болады.
Мемлекеттік тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді кәсіпкерлік қызметті салық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға шақырады.
Салық төлеушілерге - заңды тұлғаларға корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді уақтылы түзетудің маңыздылығын еске саламыз.
Жыл ішінде компанияның қаржылық көрсеткіштері өзгеруі мүмкін, тиісінше жыл қорытындысы бойынша төленуге жататын корпоративтік табыс салық сомасы да өзгеруі ықтимал.
Не нәрсеге назар аудару қажет?
Егер жыл қорытындысы бойынша іс жүзінде есептелген жататын корпоративтік табыс салық сомасы мәлімделген аванстық төлемдерден 20%-дан астам артып кетсе, заңнамада әкімшілік жауаптылық көзделген.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 278-бабының 3-бөлігіне сәйкес, айыппұл артық соманың 20% құрайды.
Салық төлеушілер не істеуі қажет?
101.02 нысаны бойынша есепті ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін ұсынуға болады. Дегенмен, түзету енгізуді желтоқсанның соңғы күндеріне қалдырмауға кеңес береміз.
Жылдың аяқталуын күтпеңіз. Аванстық төлемдеріңізді қазір тексеріп, қажет болған жағдайда қосымша есепті уақтылы ұсыныңыз.
Банктер, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) немесе басқа да кредиторлар алдында берешектің болуы азамат автоматты түрде банкрот деп танылады деген сөз емес.
Банкроттық туралы заңнамада нақты талаптар белгіленген. Сондықтан өтініш бермес бұрын азамат өзінің осы талаптарға сәйкестігін тексеріп алғаны жөн.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті банкроттық қарыз мәселесін шешудің жалғыз жолы емесекенін түсіндіреді. Тұрақты табысы бар және берешегін біртіндеп өтеуге мүмкіндігі бар азаматтар үшін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қарастырылған.
Қазақстан Республикасының заңнамасында үш рәсім көзделген:
Соттан тыс банкроттық
Бұл рәсім банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық ұйымдар алдындағы берешек бойынша қолданылады. Соттан тыс банкроттық рәсіміне қойылатын талаптар:
Сот арқылы банкроттық
Бұл рәсім тек сот арқылы жүргізіледі және заңнамада көзделген жағдайларда, оның ішінде берешек сомасы 1 600 АЕК-тен асқан кезде қолданылады.
Сот арқылы банкроттықтың ерекшеліктері:
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру
Бұл рәсім тұрақты табысы бар және қарызын біртіндеп өтеуге мүмкіндігі бар азаматтарға арналған.
Негізгі артықшылықтары:
Банкроттықтан кейінгі салдарлар мен шектеулер
Азамат банкрот деп танылғаннан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай шектеулер қолданылады:
Ең бастысы - өз табысыңыз бен қаржылық мүмкіндігіңізді шынайы бағалап, жағдайыңызға сәйкес рәсімді дұрыс таңдау. Бұл қарыз мәселесін заң аясында шешуге және болашақта артық қаржылық қиындықтардың алдын алуға көмектеседі.
15 қазанда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Учет» бухгалтерлердің кәсіби ұйымының өкілі Тимур Абиевпен және «Uchet Оценка» өкілі Артем Калининмен бірлесіп, салық салу мақсатында тұрғын емес жылжымайтын мүлікті бағалау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Кездесуге аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының өндірістік емес төлемдер бөлімдерінің басшылары қатысты.
Негізгі тақырып Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 591-бабына сәйкес мүлік салығы бойынша салық салу базасын айқындау және нарықтық құнның негізділігі болды. Қатысушылар бағалаудың салыстырмалы, шығындық және табыстық әдістерін, ғимарат пен жер учаскесінің құнын ажырату мәселелерін, сондай-ақ есептерде жиі кездесетін қателерді, тозу дәрежесін және сараптама жүргізу тәртібін талқылады.
Кездесу бағалау сапасын арттыруға және салық міндеттемелерін дұрыс орындауға бағытталды.
2024 жылғы қараша айынан бастап «КEDEN» цифрлық жүйесінде «КБжС бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз етуді тіркеу» модулі жұмыс істейді. Аталған модуль кедендік рәсімдерді жүзеге асыру кезінде және көзделген өзге де жағдайларда, сондай-ақ заңды тұлғалардың тізілімдік қызметі шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемені орындауды қамтамасыз етуді (бұдан әрі - қамтамасыз ету) тіркеуге өтініш беруді көздейді.
Бірыңғай ақпараттық кеңістік шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсетудің толық циклі - өтініш беруден және қажетті тексерулерді жүргізуден бастап қамтамасыз етуді тіркеуге және оны кедендік операцияларды жүзеге асыру кезінде одан әрі пайдалануға дейін қамтамасыз етіледі.
Ұсынылатын мәліметтерді тексеруді автоматтандыру мақсатында «КEDEN» ЦЖ ақпараттық жүйелермен интеграциялар іске асырылды. Атап айтқанда, сақтандыру шарттары мен банктік кепілдіктер туралы мәліметтерді алу, сондай-ақ кепіл шарттары бойынша ауыртпалықтың бар-жоғын тексеру қамтамасыз етіледі. Бұл ақпараттық жүйеде СЭҚҚ қосымша сұрау салмай және тиісті құжаттарды ұсынуды талап етпей қажетті тексерулерді жүргізуге мүмкіндік береді.
Жүйеде өтініш пен қамтамасыз етудің мәртебелерін оны қабылдау, тіркеу кезеңдерінде, сондай-ақ тиісті кедендік рәсімдер мен жағдайлар шеңберінде қамтамасыз етуді пайдалану кезінде көрсету көзделген.
Қамтамасыз ету мөлшерін есептеу нысанын (ҚМЕН) пайдалануды көздейтін жағдайларда сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға (СЭҚҚ) тауарларға арналған декларацияны (ТД) бергенге дейін одан әрі ТД-мен байланыстыруімен қамтамасыз етуді тіркеуге өтініш беру және таңдалған әрекет ету тәртібіне қарай - ҚМЕН қалыптастырылғаннан кейін өтініш беру мүмкіндігі ұсынылады. Бұл ретте жүйеде қамтамасыз ету сомасының жеткіліктілігін автоматты түрде тексеру іске асырылған. Қамтамасыз ету тіркелгеннен кейін ТД бақылауды аяқтау карточкасында көрсетіледі.
Бұдан басқа, жүйе декларанттың БСН/ЖСН-інің, қамтамасыз етуді қолдану негізінің және оның мәртебесінің қамтамасыз етуді пайдалануға қажетті талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексереді.
Аталған тетіктерді іске асыру қолмен орындалатын операциялардың санын одан әрі қысқартуға, қамтамасыз етуді ұсыну процесін жеделдетуге және оны «КEDEN» ЦЖ тікелей электрондық форматта ресімдеуді және пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кредиторлар, банктер, микроқаржы ұйымдары алдындағы және басқа да қарыздары бар азаматтар банкроттық рәсімін пайдалана алады.
Заңнамада екі негізгі тетік көзделген: соттан тыс және сот арқылы банкроттық.
Соттан тыс банкроттық — банктер, МҚҰ және коллекторлар алдындағы қарыздарға қолданылады (ломбардтар 2026 жылғы наурыздан бастап алып тасталған).
Талаптар:
• Жиынтық қарыз — 1 600 АЕК-тен аспауы тиіс, 2026 жылы бұл 6 920 000 теңгеден аспайды.
• Тіркелген жеке немесе ортақ мүліктің болмауы. Қарыз мерзімі 5 жылдан асқан жағдайда бұл талап қолданылмайды.
• Қатарынан 12 ай бойы төлемдердің болмауы. Соңғы 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алған тұлғаларға бұл мерзімге қойылатын талап қолданылмайды.
• Кредитормен қарызды реттеу рәсімдері жүргізілген болуы тиіс. Бұл талап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған шарттарға қолданылмайды.
• Соңғы 7 жыл ішінде банкроттық рәсімі қолданылмаған болуы тиіс.
Өтініш беру және мерзімдер:
• Өтініштер eGov.kz порталы, eGov Mobile қосымшасы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ бөлімшелері (ХҚКО) арқылы беріледі.
• Рәсімнің мерзімі — 6 ай.
• Жеделдетілген мерзім — 1 ай — егер қарыз 1 600 АЕК-тен аз болып, 5 жыл бойы өтелмеген жағдайда.
Сот арқылы банкроттық — соттан тыс тәртіптің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сотқа өтініш беру арқылы қолданылады.
Талаптар:
• Қарыз 1 600 АЕК-тен жоғары (6 920 000 теңгеден астам).
• Банктер, МҚҰ, жеке тұлғалар алдындағы қарыздар, салық берешегі және басқа да қарыздар есептен шығарылады.
• Қатарынан 12 ай бойы төлемдердің болмауы.
• Сотқа өтініш берген кезде мемлекеттік баж (0,3 АЕК / 1 297,5 ₸) төленеді және қаржы басқарушысының қызметтері төленеді (айына 1 ЕТЖ / 85 000 ₸; мүлкі жоқ халықтың әлеуметтік осал топтары үшін — бюджет қаражаты есебінен).
Банкроттықтың салдары
• 5 жыл — жаңа кредиттер мен микрокредиттер алуға тыйым салынады.
• 7 жыл — банкроттық рәсімін қайта қолдану мүмкін емес.
• 3 жыл — азаматтың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі.
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру — «банкрот» мәртебесін алмай-ақ банкроттыққа балама рәсім. Ол тұрақты табыс болған немесе мүлік құны қарыз сомасынан асқан жағдайда қолданылады.
Шарттары мен тәртібі:
• Өтініш тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.
• Қалпына келтіру жоспарын сот 5 жылға дейінгі мерзімге бекітеді.
• Шаралар: бөліп төлеу, мөлшерлемелерді төмендету, қарыздың/өсімпұлдың бір бөлігін есептен шығару, мүлікті сату немесе айырбастау.
• Артықшылықтары: пайыздар мен айыппұлдарды есептеу тоқтатылады, мүлікке қойылған тыйымдар алынады.
• Шектеулер: жаңа қарыздар алуға және жоспардан тыс мүлікті сатуға тыйым салынады.
• Орындау: жеке тұлға өз бетінше жүзеге асырады; талаптар орындалмаған жағдайда борышкер сот арқылы банкроттық рәсіміне көшеді.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді артық (қате) төленген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу (қайтару) тәртібі туралы хабардар етеді.
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде өтініште көрсетілген банк шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырады.
Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге арналған салықтық өтініш нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 637 бұйрығымен бекітілген.
Жеке шоттары жүргізілетін салықтар мен төлемдерді бюджетке қайтаруды жеке шоттар жүргізілетін орны бойынша Мемлекеттік кірістер органы жүзеге асырады. Жеке шоттары жүргізілмейтін бюджетке төлемдерді қайтаруды (мемлекеттік баж, тіркеу алымы) оларды төлеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органы жүргізеді.
«Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару» мемлекеттік қызметі «e-Otinish» Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы ұсынылмайтынына назар аударамыз.
Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің артық (қате) төленген сомаларын уақтылы қайтару мақсатында белгіленген нысан бойынша салық өтініштерін мынадай тәсілдердің бірімен беру қажет:
- қағаз жеткізгіште — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы;
- электрондық түрде – цифрлық үкіметтің веб-порталы eGov.kz немесе «Салық төлеуші кабинеті» веб-қосымшалары арқылы.
Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің артық (қате) төленген сомаларын қайтару үшін жүгінген кезде көрсетілген ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз.
Кедендік бақылаудың негізгі бағыттарының бірі тауарлардың кедендік құнын бақылау болып табылады, өйткені кедендік құн кедендік баждарды, салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді есептеу үшін негіз болып табылады.
Бұл ретте кедендік құн бойынша құжаттар мен мәліметтерді тексеру әрбір тауарға арналған декларация бойынша жүргізілмейді. Бақылау қосымша тексеруді талап ететін жеткізілімдерді анықтауға және сонымен бірге сыртқы экономикалық қызметке адал қатысушыларға әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Кедендік құн бойынша құжаттар мен мәліметтерді тексеру кедендік құнды анық емес декларациялаудың ықтимал белгілері болған кезде тағайындалады. Атап айтқанда, ұсынылған құжаттар арасындағы анықталған сәйкессіздіктер, мәлімделген құнның бірдей немесе біртекті тауарлардың құнынан елеулі ауытқуы, кедендік құнның жекелеген құрамдас бөліктерін құжаттамалық растаудың болмауы, сондай-ақ кеден заңнамасының талаптарын сақтамау мүмкіндігін куәландыратын өзге де мән-жайлар тексеру жүргізу үшін негіз болады.
Кедендік құн құрылымын қалыптастырудың толықтығына ерекше назар аударылады. Кеден органдары тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде заңнамаға сәйкес есепке алынуға жататын тасымалдауға, сақтандыруға арналған шығыстарды, лицензиялық төлемдерді және өзге де есептеулерді кедендік құнға енгізудің дұрыстығын тексереді.
Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында кедендік әкімшілендіруді оңайлату тетіктері көзделген.
Мәселен, кедендік құн бойынша құжаттар мен мәліметтерді тексеру, егер бұрын ұқсас жеткізілім бойынша кеден органы әкелінетін тауарлармен мәміле құнының әдісі бойынша мәлімделген кедендік құнның анықтығын растаған болса, сол сыртқы сауда шарты шеңберінде әкелінетін бірдей тауарларға қатысты жүргізілмеуі мүмкін (1-әдіс).
Осы тетікті қолдану үшін заңнамада белгіленген шарттар бір мезгілде сақталуы тиіс. Атап айтқанда, тауарлар бұрын ресімделген жеткізілім сияқты, сол сыртқы сауда шарты бойынша әкелінуі тиіс, ал мәлімделген кедендік құн сол әдіспен — әкелінетін тауарлармен мәміле құны бойынша айқындалуы тиіс. Бұдан басқа, тауардың бағасын, коммерциялық сату шарттарын, жеткізу шарттарын және тараптар арасындағы есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, кедендік құнды қалыптастыруға әсер ететін мәміленің елеулі шарттары өзгеріссіз қалуға тиіс.
Сондай-ақ, кедендік құнның шамасына әсер етуі не мәлімделген мәліметтердің анықтығына күмән тудыруы мүмкін жаңа мән-жайлардың болмауы міндетті шарт болып табылады. Тауарға арналған декларацияда кеден органы кедендік құнын растаған бұрын ресімделген жеткізу туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс. Бұл кеден органына ағымдағы жеткізілім деректерін бұрын тексерілген ақпаратпен салыстыруға және қосымша тексеру ісшараларын қолданбау туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Егер тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде кеден заңнамасының ықтимал бұзылу белгілері анықталса немесе мәлімделген деректердің анық еместігі туралы куәландыратын мәліметтер пайда болса, кеден органы аталған шарттарды сақтаған кезде де тексеру жүргізуге құқылы екенін ескеру қажет. Осылайша, тексеруден босату шартты емес және тәуекел факторлары болмаған жағдайда ғана қолданылады.
Бұл тәсіл сыртқы экономикалық қызметке адал қатысушылардың кедендік ресімдеуді жеделдетуін қамтамасыз ете отырып, бақылау іс-шараларын тәуекел белгілері бар жеткізілімдерге шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тиімді кедендік бақылау мен сыртқы экономикалық қызметті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау арасындағы балансты қамтамасыз етеді, сондай-ақ кедендік әкімшілендірудің ашықтығы мен болжамдылығын арттыруға ықпал етеді.
Түсіну маңызды: ресми рәсімделмеген жалақы қызметкерді әлеуметтік және қаржылық қорғаныстан айырады.
Кейбір жағдайларда кәсіпкерлердің салықтық есептілігінде қызметкерлердің нақты саны көрсетілмейді, салықтар мен әлеуметтік аударымдар есептелмейді, бұл камералдық бақылау барысында анықталады. Тек 2025 жылы бейресми жұмыспен қамту және «көлеңкелі» жалақы төлеу фактілері бойынша 1200-ден астам шағым келіп түсті және мұндай өтініштердің түсуі жалғасуда.
Ресми жұмыспен қамту — бұл зейнетақы жинақтары, төленетін еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары мен еңбек демалыстары, әлеуметтік төлемдер және несиелерді неғұрлым тиімді шарттармен алу мүмкіндігі.
Ресми жұмыс кезінде жұмыстан босату кепілдіктері, жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар, декреттік төлемдер және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық қызметтер де қарастырылған. Бейресми жұмыспен қамту кезінде бұл құқықтар іс жүзінде жоғалады.
Сонымен қатар, мүлік сатып алу кезінде тек ресми табыстар ескеріледі. Олардың шығыстарға сәйкес келмеуі салықтарды қосымша есептеуге және өзге де салдарға әкелуі мүмкін.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жұмыс берушілер мен қызметкерлерді заңнаманы сақтауға шақырады.
Ресми жалақы — бұл сіздің қорғанысыңыз бен болашаққа деген сенімділігіңіз.