Мобильді аударымдар бойынша маңызды ақпарат

Мобильді аударымдар бойынша маңызды ақпарат

Қазір кейбір кәсіпкерлер мобильді аударымдар арқылы өткізген тауарлары мен қызметтері үшін төлемді БАНКТЕРДЕ АШЫЛҒАН ЖЕКЕ шоттары арқылы алады. Алайда, бұл аударымдар бақылау-кассалық машиналар мен POS-терминалдарды қолданбай, сәйкесінше чек бермей жүзеге асырылады.

Бұл әкімшілік жауапкершілік қарастырылған құқық бұзушылық болып табылады. Сонымен қатар, сапасыз өнім сатып алынса, тұтынушы құқығы бұзылады.2022 жылы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мобильді төлемдер түсінігі енгізілді, бұл жеке кәсіпкердің пайдасына жасалатын қолма-қол ақшасыз төлемдер. Қаржы министрінің бұйрығы кәсіпкерлік мақсаттағы мобильді аударымдардың сипаттамаларын анықтайды. Күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 100 түрлі адамнан мобильді аударым алған азаматтар бақылауға алынады.Салық кодексінің талаптарына сәйкес, 2024 жылы жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне өткен азаматтардың мобильді аударымдары ғана салықтық бақылауға алынады. Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері бар.2024 жылы жалпы декларациялаудың үшінші кезеңі басталды, жеке декларацияны кәсіпкерлер, компанияның құрылтайшылары мен басшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруы тиіс. Сәйкесінше, мобильді аударымдарды бақылау 2025 жылы жүзеге асырылады.Осылайша, мобильді төлемдерді бақылау адал салық төлеушілерге әсер етпейді және заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған. Яғни, жеке тұлғалар бұрынғыдай өздерінің жеке мақсаттары – туыстарына, достарына аударымдар, ата-аналар мен балаларға көмек және басқа да өмірлік жағдайлар үшін мобильді аударымдарды жасап, қабылдай алады. Салық кодексі микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті салық салу үшін жағдай жасады, атап айтқанда: салық ставкалары қызмет түріне байланысты 1%-дан 4%-ға дейін. Салық салу режимін «e-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы таңдауға болады, мұнда салықтар мен әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептеледі және төленеді.