Кім ЭШФ жазып беруге міндетті?
(Салық кодексінің 412-бабының 1-тармағы
*ҚҚС төлеушілер: (Салық кодексінің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы)
* алып қою Тізбесіне енгізілген тауарларды өткізу кезінде салық төлеушілер;
* ҚҚС төлеуші болып табылмайтын комиссионер (Салық кодексінің 416-бабында белгіленген жағдайда);
* ҚҚС төлеуші болып табылмайтын экспедитор (Салық кодексінің 415-бабында белгіленген жағдайда)
* импортталған тауарды өткізген кезде салық төлеушілер (импорттаушы болып табылады ма жоқ па оған қарамастан);
* мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі.