Мүліктік кіріс жеке тұлғада мынадай мүліктер сатылған кезде туындайды:
- тұрғынжайлар (пәтерлер, үйлер, гараждар) - егер мұндай тұрғынжайлар меншік құқығында бір жылдан аз уақыт болған жағдайда және құн өсімі (өткізу бағасы (құны) мен сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма) болған жағдайда;
- тұрғын үйге іргелес және оның астындағы, гараж астындағы жер учаскесі, саяжай жер учаскесі, жеке тұрғын үй құрылысын салуға нысаналы мақсаты бар жер учаскесі - егер мұндай жер учаскелері меншік құқығында бір жылдан аз уақыт болған және құн өсімі жағдайда (жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күнгі жер учаскесін өткізу бағасы (құны) мен оның кадастрлық (бағалау) құны арасындағы оң айырма болған жағдайда);
- коммерциялық жылжымайтын мүлік және оған іргелес және оның астындағы жер учаскесі (дүкен, кеңсе, қонақ үй, мейрамхана және т. б.), коммерциялық жылжымайтын мүлік үшін нысаналы мақсаты бар жер учаскесі - меншік құқығында осындай жылжымайтын мүліктің болу кезеңіне қарамастан, егер құн өсімі болған жағдайда (оны өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма);
- механикалық көлік құралының - егер мұндай көлік құралы меншік құқығында бір жылдан аз уақыт болған және құн өсімі (Қазақстан аумағына көлікті әкелу кезінде төленген кедендік төлемдерді және/немесе ҚҚС пен акцизді қоса алғанда, оны өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма) болған жағдайда;
- инвестициялық алтын, бағалы қағаздар, қатысу үлесі, қаржы құралдары - мұндай мүліктің меншік құқығында болу кезеңіне қарамастан, егер құнның өсімі болса (оны өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма);