Меню

Страницы

Статья

Жалпыға бірдей декларациялау

Жалпыға бірдей декларациялау – жеке тұлғалар үшін салық декларацияларын міндетті түрде тапсыруды кезең-кезеңмен енгізу процесі. Бұл механизм азаматтардың кірістерінің ашықтығын арттыруға, салықтық тәртіпті күшейтуге және көлеңкелі экономиканы қысқартуға бағытталған. Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі мақсаты – жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін есепке алу жүйесін қалыптастыру және әділ салық салуды қамтамасыз ету.

Декларациялау жүйесі кірістер, мүлік, активтер, қаржылық міндеттемелер және заңнамада айқындалған басқа да көрсеткіштер туралы мәліметтерді ұсынуды көздейді. Жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, салық төлеушілердің әртүрлі санаттарын, ең алдымен мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік сектор басшыларын қамтиды.

Жалпыға бірдей декларациялау азаматтардың салық жүйесіне деген сенімін арттыруға, кірістер мен мүлікті заңдастыруға алғышарттар жасауға, сондай-ақ мемлекетке салық төлеуден жалтару және сыбайлас жемқорлықпен күресте неғұрлым тиімді болуға мүмкіндік береді.

Дата публикации
27 мая 2025
Дата обновления
19 октября 2026
Тип

Сейчас читают

16 июня 2026
Information Systems
15 июня 2026
Жаңа Салық кодексі: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР
23 июня 2025
Салық және кеден саласындағы мемлекеттік қызметтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы