2014 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда ерікті негізде шот-фактураларды электронды түрде жазу мүмкіндігі пайда болды.
"Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) сауда операцияларына қатысушылар арасында нақты уақыт режимінде шот-фактураларды электронды түрде жазып беруге және алмасуға мүмкіндік береді.
API интерфейсінің болуы ЭШФ АЖ-ны бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша ERP жүйелерімен интеграциялауға мүмкіндік береді.
ЭШФ АЖ тіркеу қадамдары:
ХҚКО-да ҰКО кілттерін алу немесе сайтта өтінім беру pki.gov.kz.
ЭШФ АЖ-да тіркеу бойынша қадамдық нұсқаулықты орындау ол ЭШФ АЖ-дағы жүйенің жоғарғы мәзірінің "Көмек" бөлімінде қолжетімді.
ЭШФ АЖ пайдаланушыларды қолдау қызметінің мекенжайы esfsd@mgd.kz
Өтініштер регламентке сәйкес ресімделеді
Маңызды!!!
Заңды тұлғаны ЭШФ АЖ тіркеу тек бірінші басшының сертификаттарын пайдалана отырып жүзеге асырылады!
Заңды тұлғаны тіркеуді жүргізу үшін бірінші басшыға ХҚКО-ларда берілетін Ұлттық куәландырушы орталықтың жеке және заңды тұлғасының сертификаттарын алу қажет.
ШОТ-ФАКТУРАЛАРДЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ЖАЗУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
ЭШФ жазып беру мерзімін 15 күнге дейін ұлғайту.
Шетел валютасында ЭШФ жазу мүмкіндігі.
Өз қызметкерлеріне шот-фактураларды жазып беру құқығын беру мүмкіндігі.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері жазған ЭШФ басқару мүмкіндігі.
Егер сіз барлық шот-фактураларды электронды түрде жазып берсеңіз, сатылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша тізілімді ұсынбау мүмкіндігі (300.07).
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тізілімді ұсынбау мүмкіндігі (300.08), егер барлық шот-фактуралар электрондық түрде жазып берілген жағдайда.
Өнімнің өмірлік циклін көру мүмкіндігі.