Көлік құралдарына салынатын салық бойынша ақпарат

Көлік құралдарына салынатын салық бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 493-бабының 1-тармағына сәйкес, салық төлеуші көлік құралдарына салынатын салық сомасын салық салу объектісіне 492-бапта белгіленген салық ставкаларын қолдану арқылы өз бетінше есептейді.

Сонымен қатар, 493-баптың 9-тармағына сәйкес, жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша есеп айырысу сальдосын айқындау мақсатында, салық органдары салықты есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей есептейді. Бұл есеп айырысу уәкілетті органдардың көлік құралдарын есепке алу және тіркеу бойынша автоматтандырылған тәртіпте ұсынатын мәліметтер негізінде жүргізіледі.

Салық кодексінің 491-бабына сәйкес, салық салу объектісі ретінде тіркелген және (немесе) Қазақстан Республикасында есепте тұрған көлік құралдары (тіркемелерді қоспағанда) танылады.

Салық ставкалары 492-бапта белгіленіп, салықты есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қолданылады.

Салық салу мақсатында көлік құралдарының келесі санаттары белгіленген:

  1. Жеңіл автомобильдер:

B санатындағы (BE, B1 қоса алғанда) көлік құралдары;

Жүк платформасы мен жүргізуші кабинасы қатты қалқамен бөлінген жеңіл автомобиль шассиіндегі моторлы көлік құралдары (пикаптар);

Сыйымдылығы және өтімділігі жоғары, B санатының талаптарынан асып түсетін көлік құралдары (жол талғамайтын көліктер, кроссоверлер, лимузиндер).

  1. Жүк автомобильдері:

C санатындағы (CE, C1E, C1 қоса алғанда) көлік құралдары;

Жабық кузовпен жабдықталған, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық жүктерін тасымалдауға арналған арнайы жүк көліктері (фургондар);

Ашық платформалы B санатындағы жалпы мақсаттағы жүк көліктері (пикаптардан басқа).

  1. Арнайы мақсаттағы көлік құралдары:

Белгілі бір технологиялық операцияларды орындауға арналған арнайы жабдықталған автомобильдер.

  1. Автобустар:

D санатындағы (DE, D1E, D1 қоса алғанда) көлік құралдары.

Салық кодексінің 494-бабына сәйкес, жеке тұлғалар үшін салықты төлеу мерзімі есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмеуі тиіс. Салықты төлеу жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады.

Дата публикации
13 мая 2025