2025 жылдың 1 тоқсанының болжамдық көрсеткіштерінің орындалуы

2025 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті, Шоғырландырылған бюджетке 1 557,0 млрд. теңге түсімдерді қамтамасыз етті. Жоспар 113,1% немесе 180,6 млрд. теңгеге артық орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 120,9% немесе 269,2 млрд. теңгеге артық.

        Республикалық бюджетке мемлекеттік кірістер  органдарының құзыретіне кіретін төлемдерден 1 043,8 млрд. теңге түсім түсіп, орындалуы 100,3% құрады. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 122,4% немесе 191,2 млрд. теңгеге артық.

        Жергілікті бюджетке 493,5 млрд. теңге кіріс түсті. Жоспар 148,9% орындалды немесе 162,0 млрд. теңгеге артығымен орындалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 117,1% немесе 72,2 млрд. теңгеге артық.

       

млн.теңге

 Бюджет

01.04.2025 жоспар

01.04.2025 орындалуы

ауытқуы

өсу қарқыны

Шоғырландырылған бюджет

ГБ

1 376,4

1 557,0

180,6

113,1%

РБ

1 041,5

1 045,0

3,4

100,3%

ЖБ

334,8

512,0

177,2

       152,9%

Құзіреттілігі бойынша салық органдар

ГБ

1 372,4

1 537,4

164,9

112,0%

РБ

1 040,9

          1 043,8

2,9

100,3%

ЖБ

         331,5

 493,5

162,0

       148,9%

 

Дата публикации
08 мая 2025