Конкурс қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
|
Санат |
Функионалдық блок |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
||
|
C-R-4 |
А |
186 632 |
229 492 |
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды, индекс 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 93/95, 408-кабинет, телефон/факс: 8(727)267-69-10, e-mail: nach_oprsp_6009@taxgalmaty.mgd.kz, kadry_6009@taxgalmaty.mgd.kz (рұқсат етілген файлдар өлшемі 5Мб) және aisu.kurmanova@kgd.gov.kz, j.mashirova@kgd.gov.kz (рұқсат етілген файлдар өлшемі 20Мб):
Қызметтік міндеттері: Тұрақты камералдық бақылауды жүзеге асыру, салық заңнамасын түсіндіру. Хабарламаның қойылған реестрі бірыңғай деректер қоймасындағы қосымша құн салығы және салықтың басқа түрлері бойынша камералдық бақылаудың автоматтандырылған жіберілімдерінің нәтижелерімен жұмыс жасау. Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберу. Заңды тұлғалар бойынша нақты түсімді белгілеу мақсатында хронометражды бақылау жүргізу. ҚР ҚМ СК төрағасының 15.09.2012 жылғы №404, Алматы қаласы бойынша СД-нің 11.03.2012 жылғы бұйрықтарымен бекітілген «Жалған кәсіпкерлік белгілерін анықтау және жою» тәртібіне сәйкес шаралар жүргізу, жалған кәсіпорын және мемлекеттік тіркеуі сотпен жарамсыз деп танылған кәсіпорындардың контрагенттеріне шаралар қолдану, резидент емес тұлғаларға төленетін табыстардан түсетін салықтарды әкімшілендіру. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік іс қозғау туралы шешім қабылдау. Сотқа қатысу және барлық сот инстанцияларында Басқарманың мүдделерін білдіру. ҚР Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі мен мерзімін сақтау. Бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік, мемлекеттік емес, сонымен қатар құқық қорғау органдармен қарым-қатынас жасау. Бөлімге жүктелген міндеттер мен қызметтердің, басқарма басшылығының тапсырмаларын, бақылау құжаттарын уақытылы және сапалы орындауға, құжаттардың сақталуына және қызметтік құпия болып саналатын ақпараттың жариялануына жол бермеуге жауап беру. Біріктірілген ақпараттық салықтық жүйесі (БАСЖ), Орталықтандырылған бірыңғай жеке шоттары (ОБЖШ), Салықтық есебін өңдеу жүйесі (СЕӨЖ) ақпараттық жүйелеріне мәліметтерін уақтылы енгізу. ауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Штаттық кестеге сәйкес бұл лауазым «А» функионалдық блогына жатады (4 грейд).
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика) немесе құқық саласындағы (құқықтану, кеден ісі, халықаралық құқық) немесе техника ғылымдары және технологиялар саласындағы (ақпараттық жүйелер, есептеу техника және бағдарламалық қамтамасыз ету) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, жоғарыда көрсетілген мамандықтар бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі жіберіледі.
Қызметтік міндеттері: Ұсынылған декларациялар мен есептіліктердің дұрыстығына, есептеулердің шынайылығына, салық төлеушілердің толық және уақтылы қосылған құн салығын төлеуін әкімшілендіру.. Елшіліктерге қосылған құн салығын қайтару бойынша және грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар (жұмыстарды және қызмет көрсетулерді) бойынша қосылған құн салығын қайтаруды тексеру жүргізу. Сұраныс бойынша қарсы тексерістерді жүргізу. Іріктеу өлшемдеріне сәйкес қосылған құн салығы бойынша дебеттік сальдосы бар салық төлеушілерге қосылған құн салығы бойынша тақырыптық тексерулерді жүргізу. Салық кодексінің 70 – бабына сәйкес, салық төлеушінің (салық агентінің) іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау мақсатында салықтық зерттеп-қарау жасайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттама жасайды және айыппұл соммасын өндіреді. Қарсы тексерулердің нәтижелері туралы есеп береді, декларанттың берілуін, мұнай өнімдері мен алкоголь өнімдерінің айналымы, қозғалысы мен теңгерімдері туралы ақпаратты, алкоголь өнімдері мен этил спиртінің акциздік бекеттерін бақылайды. Тоқсан сайын алкоголь өнімдері мен этил спиртінің қозғалысы туралы есеп алады, мұнай өнімдерінің қозғалысын бақылайды және алкоголь өнімдерімен этил спиртінің есептегішін қадағалайды. Салық төлеушілерге салық заңнамасын түсіндіруді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін сақтау. Құзыреті шегінде тоқсандық, жартыжылдық және жылдық есептерді жоғары тұрған органдарға ұсыну. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік, мемлекеттік емес, оның ішінде құқық қорғау органдарымен өзара ақпарат алмасу.
Штаттық кестеге сәйкес бұл лауазым «А» функионалдық блогына жатады (4 грейд).
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика) немесе құқық саласындағы (құқықтану, кеден ісі, халықаралық құқық) немесе техника ғылымдары және технологиялар саласындағы (ақпараттық жүйелер, есептеу техника және бағдарламалық қамтамасыз ету) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, жоғарыда көрсетілген мамандықтар бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі жіберіледі.
Қызметтік міндеттері: Салық кодексінің 116-120 баптарына сәйкес уақытында орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету; Салық кодексінің 121-128-тармақтарына сәйкес салық қарызын мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау; салық берешегінің, салық төлеушілердің берешегінің, берешек пен міндетті зейнетақы, кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша дебиторлар санының азаюын қамтамасыз ету; жеке тұлғалардың мүлік салығы, жеке тұлғалардан жер салығы және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық бойынша берешекті азайту бойынша шараларды қамтамасыз ету; салық төлеушілерге салық заңнамасын түсіндіру; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен шарттарының сақталуы; салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша салықтық тексеру актілерін жасау; бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік, құқық қорғау және басқа органдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы тақырыптық тексерістер жүргізу; Басқарманың құқықтары мен мүдделерін білдіру үшін соттарға қатысу; еңбек және атқарушы тәртіпті сақтау.
Штаттық кестеге сәйкес бұл лауазым «А» функионалдық блогына жатады (4 грейд).
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика) немесе құқық саласындағы (құқықтану, кеден ісі, халықаралық құқық) немесе техника ғылымдары және технологиялар саласындағы (ақпараттық жүйелер, есептеу техника және бағдарламалық қамтамасыз ету) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, жоғарыда көрсетілген мамандықтар бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі жіберіледі.
Қызметтік міндеттері: Регламентте көрсетілген мерзімде салықтық өтініштерді қабылдау, енгізу және өңдеу және ҚР заңында көрсетілген мерзімде шығыс құжаттарын беру. Күту мерзімінің стандартын сақтай отырып электронды кезек жүйесінде қызмет алушыларға сапалы қызмет көрсету. Регламентте көрсетілген мерзімде салық есептілігін нысанын қабылдау және мәліметтір базасына енгізу. Онлайн - БКМ қолдану және салық есептілігін тапсыру мерзімін уақытша тоқтату бойынша салықтық міндеттемелерді орындау барысында хабарлама жіберу. Салық есептіліннің нысанын тапсыру бойынша салықтық міндеттемерді орындау мақсатында салық төлеушілердің дербес счеттарын тексеру, тапсырылмаған салық есептілігі бойынша хабарлама жіберу және есеп айрысу счетін бұғаттау. Хабарламаларға уақыттылы мәртебесін қою. Салық заңдылығын түсіндіру. Тоқсан сайын 2 Н есебін жасау. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік өндіріс қозғау фактілерін әкімшілік өндіріс бойынша құжат айналым ЭКНА прогаммасына тіркеп енгізу. Ақпараттық есеп құжаттарын БУСЖ АЖО («Бірыңғай Унифициалды Статисткалық жүйесі» Автоматтандырылған жұмыс орны) деректер қорына енгізу және қою (ф.1-АВ, 1-АП карталарын, хабарламаларды, ҚР ӘҚБК 894 және 895 бабына сәйкес айыппұлды өндіру қаулысын беру уақытын, айыппұлды мәжбүрлеп өндіру қаулысын орындау уақытын, мәжбүрлеп өндірілген айыппұл көлемін толтыру). Сотқа қатысу және барлық сот инстанцияларында салық органдарының мүддесін қорғау.Әрекетсіз салық төлеушілердің тізімін жасап бұйрық шығару және бұйрықты ҚР БСАЖ енгізу. Әрекетсіз салық төлеушілерді тізімінен салық төлеушілерді шығарылған бұйрық негізінде уақытылы тізімнен шығару. Әрекетсіз салық төлеушілердің мәжбүрлі түрде тарату жұмысы;Салық кодексінің 67 бабының 1) 2) тармақшасының 5-тармағына сәйкес оңайлатылған түрде тоқтатылатын дара кәсіпкерлерді тіркеу есебінен шығару.Бейрезидентті жеке тұлғаларды және бейрезидентті салық төлеушілерді, олардың филиалдарын тiркеу; Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою және беру;Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға түзету енгізу, АСР қолдану, қызметін жандандыру туралы хат жазу; ҚӨО журналы бойынша салық өтініштерінің уақыттарын сақтау; Тіркеу мәліметі жарамсыз деп табылған салық төлеушілердің іс-шарасын орындау (ЦЭҚ жою, ҚҚС тіркеу есебінен шығару, мәртебесін қою, сайтқа жіберу үшін ҚКД бағыттау). Жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың отініштерін уақытында қарастыру, тәртібін сақтау; бөлімнің құзіретіне жататын мемлекеттік, мемлекеттік емес, сонымен бірге, құқықтық органдардың сұрақтарының өзара әрекеттілігі. Басқарма Басшысының тапсырмасын, бақылау құжаттарын, құжаттардың сақталуын және қызметтік құпияға жататын ақпараттардың таратылмауын, берілген тапсырманың сапалы және уақытында орындалуын қадағалау; Салық есептілігін ұсынуды тоқтату (ұзарту) салықтық өтінішін қабылдау және заң талаптарына сай шешім шығаруын тексеру. Салық төлеуші салық органының шешімімен ҚҚС бойынша есебінен шығарылған жағдайда ЭЦҚ-ны жою.Қызметін тоқтату және салықтық тексеріс жүргізу өтінішін қабылдау және уақытылы салықтық аудит бөліміне (камералдық бақылау бөлімі) жеткізу. Заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қорынан жойылуы бойынша хабарламаны растау.(қосылу, таратылу, бірігу). ҚҚС бойынша оңайлатылған автоқайтару қызметін ұйымдастыру. (барлық дербес шоттарын қалпына келтіру, ҚР БСАЖ деректер қорына соңғы 5 жылғы мәліметтерді енгізу).Салық төлеушілер терминалы жұмысы – салық төлеушіге салық есептілік нысанын электронды түрде жіберу кезінде кеңес беру қызметі. ҚҚС төлеушілерін салықтық тексеру бойынша қызметтік хаттарды жіберу. Экстериториалды принцип бойынша қызмет көрсету өтінішін енгізу және өңдеу. Жеке сот орындаушысы тыйымдарын деректер қорына енгізу(шешу). Бейрезиденттердің табысы туралы анықтама жасау. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.