Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуы мен орындалуына бақылау жасау Департаментке жүктелген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асыруға байланысты ҚҚС-ның бюджетке толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету. ҚҚС бойынша орындалатын көрсеткіштерді бақылау және жүзеге асыру. Салық төлеушілердің ҚҚС-ның асып кеткен сомасын қайтару туралы талаптары бойынша бюджеттен ҚҚС-ның асып кеткен сомасының қайтарылуын негізділігі мен уақтылығын ақпараттық жүйелерді арқылы (СЕӨЖ АЖ, БСАЖ/САЭБ АЖ) қамтамасыз ету. Акцизді салықтық әкімшілендірудің тиімділігін қолдана отырып, бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету. Салықтың осы түрі бойынша орындалатын көрсеткіштерді ақпараттық жүйелерді (Акциз АЖ, «ЕБТ» АЖ, "Е-лицензиялау" АЖ) пайдалана отырып, орындалуы мен бақылауды жүзеге асыру. Салық төлеушілердің салық заңнамасын, этил спирті мен алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің, тері бұйымдарының айналымы, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымы туралы заңнаманы сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету.