Этикалық нормалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау

Салық төлеушілермен қарым - қатынас пен диалогтың жаңа форматы аясында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тікелей трансляция жүргізді.

Тікелей эфирдің тақырыбы - «Этикалық нормалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау».

Заң бөлімінің басшысы Жұмашев Серік Мұратұлы салық төлеушілердің сұрақтарына жауап берді.

Этика кодексінің ережелерін сақтау сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда маңызды рөл атқарады және мемлекеттік қызметте болудың негізгі принциптерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақыттағы тәртібі де қоғам мен азаматтардың жіті назарында.

Мемлекеттік қызметшінің мінез - құлқының белгілі бір ережелерін ретке келтіру және әзірлеу мақсатында Мемлекет басшысы 2015 жылдың желтоқсанында Әдеп кодексін бекіту туралы жарлыққа қол қойды. Ол мемлекеттік қызметшінің бүкіл өмірін анық реттейді: жұмыс кезінде, әріптестерімен қарым - қатынаста және қызметтен тыс уақытта. Мінез -құлық ережелері белгіленген, оны мемлекеттік қызметте жұмыс жолын таңдаған азамат ұстануға тиіс.

«Менің негізгі міндетім - мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын сақтауын, шектеулер мен тыйымдарды сақтауды, қызметтік міндеттерін тиімді орындауды бақылау».

Мен өз өкілеттіктерімнің аясында мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық фактісі бойынша азаматтардың өтініштерін де қарастырамын, егер бар болса, этикалық нормаларды бұзу жағдайлары мен себептерін бақылап, оларды жою бойынша ұсыныстар енгіземін», - деп атап өтті С.М.Жұмашев.

Тікелей эфир 19 тамызда сағат 16: 00 -де өтті.

https://www.instagram.com/p/CD0unFij8KQ/?utm_medium=copy_link

Этикалық нормалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау
Дата публикации
14 октября 2021