Жаңа формат шеңберінде салық төлеушілермен тілдесу және диалог жүргізу үшін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тікелей эфирлер өткізді.
Тікелей эфир тақырыбы "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ашық диалог"
Салық төлеушілердің сұрақтарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Д.Т.Таумұрат және Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары О.Н.Казиева жауап берді.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары О.Н.Казиева - Сыбайлас жемқорлықты жеңу - Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі, оның басым бағытын мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев нақты көрсеткен. Сондықтан да Елбасы өзінің қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты «Қазақстан-2050» Стратегиясында сыбайлас жемқорлықпен күресті мемлекеттің басым бағыттарының бірі деп атады. Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айта отырып, қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жеңуге болмайтынын бірнеше рет атап өтті.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жіктерінің жүйелі күш-жігері қажет.
Тікелей эфир 8 шілде күні сағат 16:00-де, Facebook платформасында, almatyanticomuption парақшасында өтті.
https://www.instagram.com/p/CCI1pPODziH/?utm_medium=copy_link