Алматы қаласы бойынша МКД сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылғы 3 тамызда Алматы қаласы бойынша МКД басшысының орынбасары Т.О.Жаңбырбаевтың төрағалығымен пандемияға қарсы күрес шараларына сәйкес,  маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау, сондай-ақ санитарлық нормаларды сақтау бойынша кеңес өткізді.

Сондай-ақ, Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындығы ақпараттық –ағарту штабының басшысы С.С.Балғымбаевтің қатысуымен және ақпараттық – білім беру штабының қызметкері  Т.Т.Танашевпен Алматы қаласы бойынша МКД жеке құрамымен алдын алу шаралары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша кездесу өткізілді.

 B баяндамасында С.С. Балғымбаев сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілікті қатаңдату және әрбір азаматтың осы әлеуметтік зұлымдыққа қарсы күрестегі жеке үлесі жөніндегі жұмысты атап өтті.

 Бұдан әрі, Т.О.Жаңбырбаев сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілігіне, қызметкерлердің де, құрылымдық бөлімшелер басшыларының да жеке жауапкершілігіне және жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыстар кешенін жүргізуге назар аударды.

Құрметті салық төлеушілер, егер сіз аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының, кеден бекеттерінің, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша МКД лауазымды тұлғаларының тарапынан заңсыз әрекеттерге тап болсаңыз, сенім телефонына хабарласуыңызды сұраймыз 8-(727)-267-69-32 .

https://www.instagram.com/p/CSJddGlik_0/?utm_medium=copy_link

Алматы қаласы бойынша МКД сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы
Дата публикации
13 октября 2021