"Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

   "Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

       Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2021 жылғы 23 шiлдедегі № 713 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 шiлдеде № 23699 болып тіркелді

       БҰЙЫРАМЫН:

  1. "Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16464 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

       бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

       ""Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 412-бабының 2-тармағына және 413-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

       көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакция жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

       3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қаржы министрінің
міндетін атқарушы

 

 

М. Султангазиев

 

 

 

Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2021 жылғы 23 шілдедегі
№ 713 Бұйрыққа
қосымша

 

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 14 ақпандағы
№ 188 бұйрығымен
бекітілді

       

Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидалары

2-тарау. Кедендік жете тексеру (қарап-тексеру) жүргізу тәртібі

 

  1. Кедендік жете тексеруді жүргізу алдында уәкілетті лауазымды тұлға декларантқа немесе, егер бұл тұлғалар белгіенген болса, тауарларға қатысты өкілеттіліктері бар өзге тұлғаға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кедендік жете тексеруді (қарап-тексеруді) жүргізу орнын және уақытын тағайындау туралы хабарламаны жолдайды.

      Қағаз жеткізгіште, кедендік операцияларды жасау процесінде хабарланатын тұлға көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжайы бойынша электрондық хабарламамен жолданған жағдайда, хабарлама жіберілді деп танылады.

      Тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің ұсынымдары болған кезде, (кедендік бақылаудың) тәуекелдерді болдырмау және (немесе) барынша азайту жөніндегі шараларды қолдану туралы хабарлама басып шығарылады және беріледі не ақпараттық жүйе арқылы жолданады.

 

  1. Кедендік бақылаудан жасырылған тауарларды анықтау мақсатында аралау, егеу, кесу және өзге де іс-қимылдар көмегімен кедендік жете тексеруді жүргізу осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіздер болған кезде, сондай-ақ:

      1) жасырылған тауардың үстіне бояу, металдар, өзге де материалдар қабаттарын жаққан;

      2) тауарларды арнайы дайындалған бөлшектенбейтін жасырын орынға салған жағдайда жүзеге асырылады.

 

  1. Фото суреттерді (бейне жазбаларды) цифрлық форматта сақтау мемлекеттік кірістер органдарының серверінде 3 (үш) жыл ішінде жүзеге асырылады.

      Тауарларды декларциялау орны мен сақтау орындары өзгеше болған жағдайда, фото суреттерді (бейне жазбаларды) цифрлық форматта сақтау бір мезгілде қызмет өңірінде тауарларды декларациялау жүзеге асырылған мемлекеттік кірістер органдарының және қызмет өңірінде тауарларды кедендік жете тексеру (қарап-тексеру) жүргізілген мемлекеттік кірістер органының серверінде жүргізіледі.

      Фото және бейне мұрағат деректер базасына ақпараттарды жинау, өңдеу және жаңғырту мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық-техникалық қызметінің уәкілетті бөлімшелерімен жүзеге асырылады.

      Фото суреттерді (бейне жазбаларды) сақтау папканың (каталогтардың) ағаш тәрізді құрылымын пайдалана отырып жүзеге асырылады және қажетті фото суреттерге (бейне жазбаларға) жедел қол жеткізу мүмкіндігін, сондай-ақ фото суреттің (бейне жазбаның) оларға қатысты кедендік жете тексеру (қарап-тексеру) жүргізілген тауарға арналған декларацияның нөміріне байланыстыруды қамтамасыз етеді.

      Фото суреттерді (бейне жазбаларды) сақтау үшін негізгі өлшемшарттар бойынша (кедендік жете тексеру (қарап-тексеру) күні, мемлекеттік кірістер органы, оған қатысты кедендік жете тексеру (қарап-тексеру) жүргізілген сыртқы экономикалық қызметке қатысушының атауы, кедендік декларацияның нөмірі, не кедендік жете тексеру (қарап-тексеру) актісінің нөмірі) іріктеуді жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін фото суреттер (бейне жазбалар) папкасы құрылады.

Дата публикации
02 августа 2021