ЕЭО кедендік аумағына тауарлар келген кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі мерзімдері және есептеу

     «ҚР кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 157-бабы. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлар келген кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімдері және есептеу

  1. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      1) тауарларды келу орнына жеткізбеген кезде – тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен күні, ал егер бұл күн белгіленбесе – тауарларды келу орнына жеткізбеу фактісі анықталған күн;

      2) авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, тауарлар келу орнында жоғалған кезде – осындай жоғалу күні, ал егер бұл күн белгіленбесе – тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен күн;

      3) кеден органы келу орнында уақытша сақтауға қоймай немесе тауарларды шығармай, тауарларды келу орнынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету кезінде – осындай әкету күні, ал егер бұл күн белгіленбесе –тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып саналады.

  1. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, егер тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді қолданбай ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай төленуге жатады.

      Кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 8 және 13-тарауларына сәйкес есептеледі.

      Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күнге қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.

      Егер тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында төленуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін шетелдік валютаны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу талап етілетін жағдайда, мұндай қайта есептеу осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күнге қолданыста болатын валюталар бағамы бойынша жүргізіледі.

      Егер кеден органында тауарлар (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы дәл мәліметтер болмаған жағдайда төленуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін база кеден органында бар мәліметтер негізінде айқындалады, ал тауарларды сыныптау осы Кодекстің 40-бабының 4-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Егер тауардың коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес таңба саны оннан аз топтау деңгейінде айқындалған жағдайда:

      кедендік әкелу баждарын есептеу үшін осындай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;

      салықтарды есептеу үшін қосылған құн салығы мөлшерлемелерінің ең жоғарысы, соларға қатысты кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы белгіленген, осындай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін акциздер мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;

      арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы тармақтың жетінші бөлігі ескеріле отырып, осындай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 5-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шыққан жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер негізге алына отырып есептеледі. Егер тауарлардың шыққан жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер расталмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, егер тауарды сыныптау он таңба деңгейінде жүзеге асырылса – Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының дәл сол кодының тауарларына не егер тауарлардың кодтары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес таңба саны оннан аз топтау деңгейінде айқындалған болса, топтауға кіретін тауарларға қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысын негізге алына отырып есептеледі.

      Кейіннен тауарлар туралы дәл мәліметтер анықталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осындай дәл мәліметтерді негізге ала отырып есептеледі, осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызу (қайтару) жүзеге асырылады не осы Кодекстің 87 және 137-баптарына сәйкес әрекеттер, осы Кодекстің 12-тарауына және 142-бабына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.

      6. Тауарлар шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылған, кеден органдары тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес ұстаған, кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындағаннан кейін уақытша сақтауға орналастырылған және (немесе) олар (толық немесе ішінара) өндіріп алынған жағдайда осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес есепке жатқызылуға (қайтаруға) жатады.

Дата публикации
14 июля 2021