«ҚР кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 155-бабы. Кеден органын тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар еткен кезде ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер
1) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді;
2) егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген тауарларға қатысты кеден органына осы Кодекстің 31-бабына сәйкес алдын ала ақпарат ұсынылған болса – алдын ала ақпараттың тіркеу нөмірін көрсете отырып, алдын ала ақпаратты тіркеу туралы мәліметтерді;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына және осы Кодекстің 385-бабының 4-тармағында көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары және (немесе) теңіз арқылы тасымалдау (тасу) үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты транзиттік декларацияны ұсынады.
5. Комиссия тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көліктің түріне қарай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы белгілі бір кезең ішінде сол бір халықаралық тасымалдау көлік құралымен тұрақты түрде тасымалданған кезде кеден органы тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар ету ерекшеліктерін айқындауға құқылы.