Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі

   «ҚР кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 154-бабы. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі.

  1. Тасымалдаушы немесе осы Кодекстің 149-бабында көрсетілген өзге де тұлғалар теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларды қоспағанда, тауарлардың келуі туралы хабардар еткен кезден бастап кеден органының жұмыс уақытының үш сағаты ішінде:

      1) тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға;

      2) тауарларды осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен келу орындарынан уақытша сақтау орнына дейін тасымалдауға (тасуға);

      3) тауарларды кедендік декларациялауға;

      4) тауарларды порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға;

      5) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге байланысты кедендік операциялардың біреуін жасауға міндетті.

      Теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген кедендік операциялар тауарлар келетін жерде кедендік бақылауды жүзеге асыратын кеден органымен келісілген теміржол станциясы жұмысының технологиялық процесінде белгіленген уақыт ішінде жасалады.

  1. Кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолдану қажеттілігі тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде айқындалған жағдайларды қоспағанда, егер тауарларды келу орнымен бір елді мекеннің әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде орналасқан уақытша сақтау орнына орналастыру жоспарланса, осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда тауарларды тасымалдау (тасу) осындай рәсім қолданбай жүзеге асырылады.
  2. Осы баптың 5-тармағының ережелері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген:

      1) осы Кодекстің 32-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан дереу әкетілуге тиіс тауарларға;

      2) су немесе әуе кемелерінде тұрған және осы кемелерден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына түсірілуге жатпайтын тауарларға;

      3) бір әуе кемесінен басқа әуе кемесіне ауыстырылып тиелетін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілуге жататын тауарларға;

      4) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына және осы Кодекстің 385-бабының 4-тармағында көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен тасымалданған (тасылған) кезде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға;

      5) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына және осы Кодекстің 385-бабы 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы су және әуе кемелерімен тасымалданатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әуе кемесі мәжбүрлі қонғаннан кейін не су кемесі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің портына авария, еңсерілмейтін күш әсері не өзге де мән-жайлар салдарынан кіргеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген шетелдік тауарларға;

      6) осы Кодекстің 385-бабы 5-тармағының 2), 3) және 4-тармақшаларында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына;

      7) осы Кодекстің 384-бабында көрсетілген тауарларға;

      8) осы Кодекстің 291-бабының 13-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шектес шетелдік мемлекеттің аумағынан шектері Еуразиялық экономикалық одақтың шекараларымен толық немесе ішінара сәйкес келетін АЭА аумағына әкелінетін шетелдік тауарларға қатысты қолданылмайды.

Дата публикации
03 июля 2021