Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операциялар

      «ҚР кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 154-бабы. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі

  1. Тасымалдаушы кеден органын тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көліктің түріне қарай осы Кодекстің 155-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну арқылы не электрондық құжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпаратты тіркеу нөмірі туралы мәліметті қамтитын құжатты ұсыну арқылы мынадай мерзімдерде тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар етуге міндетті:

      1) автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты – тауарлар келу орнына жеткізілген кезден бастап бір сағат ішінде, ал тауарлар келу орнына кеден органының жұмыс уақытынан тыс уақытта жеткізілген жағдайда – кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап бір сағат ішінде;

      2) су, әуе немесе теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты – халықаралық тасымалдауды жүзеге асырған кезде порттың, әуежайдың немесе теміржол станциясының технологиялық процесімен (кестесімен) белгіленген уақыт ішінде.

  1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді тасымалдаушының атынан кеден өкілі не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге тұлғалар ұсынуы мүмкін.
  2. Қазақ немесе орыс тілі болып табылмайтын тілде жасалған құжаттар ұсынылған кезде осындай құжаттарда қамтылған мәліметтерді аударуды тасымалдаушы немесе өзге мүдделі тұлға қамтамасыз етеді.

      4. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар ету күні мен уақытын кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тіркейді.

Дата публикации
02 июля 2021