Кедендік сараптама жүргізу үшін кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, осындай тауарлар мен құжаттарды сәйкестендіру құралдарын алып қою

     «ҚР кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 413-бабына негізінде, 2018 жылғы 14 ақпанының Қазақстан Республикасының Қаржы министрдің № 188 бұйрығымен бекітілген, Кедендік жеке тексеруді және қарап тексеруді жүргізу қағидаларын сақталуымен, кедендік жеке тексеру кедендік бақылау нысаны қолданады.

     Сол кезде, көрсетілген Кодекстің 54-тарауында келесі реттелген:

      471-бап. Кедендік сараптаманы жүргізу үшін тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу, кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, осындай тауарлар мен құжаттарды сәйкестендіру құралдарын алып қою

  1. Кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарға, сәйкестендіру құралдарына қатысты кедендік сараптаманы жүргізу үшін мұндай құжаттар мен сәйкестендіру құралдарын кеден органдары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен алып қояды. Кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сәйкестендіру құралдарын алып қою туралы құжаттарды, сәйкестендіру құралдары мен тауарларды алып қою туралы акт жасалады, оның нысанын уәкілетті орган бекітеді.
  2. Кедендік сараптама аяқталғаннан кейін кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сондай-ақ осындай тауарлар мен құжаттарды сәйкестендіру құралдарын кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы мұндай құжаттары алып қойылған тұлғаға қайтарады.

      Кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы кедендік сараптаманы жүргізген уәкілетті кеден органынан алып қойылған құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай құжаттар алып қойылған тұлғаға оларды қайтару туралы хабарлайды.

 

Дата публикации
22 июня 2021