Тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу актісін рәсімдеу тәртібі

      «ҚР кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 413-бабына негізінде, 2018 жылғы 14 ақпанының Қазақстан Республикасының Қаржы министрдің № 188 бұйрығымен бекітілген, Кедендік жеке тексеруді және қарап тексеруді жүргізу қағидаларын сақталуымен, кедендік жеке тексеру кедендік бақылау нысаны қолданады.

     Сол кезде, көрсетілген Кодекстің 54-тарауында келесі реттелген:

      471-бап. Кедендік сараптаманы жүргізу үшін тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу, кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, осындай тауарлар мен құжаттарды сәйкестендіру құралдарын алып қою

  1. Тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алуды жүргізу нәтижелері бойынша тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу актісі жасалады, оның нысанын Комиссия айқындайды.

      Тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу актісі үш данада жасалады, оның біреуі декларантқа, ол болмаған жағдайда – егер тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлға анықталса, оған, ал халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өткізілетін тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу кезінде тағайындалған пошта байланысы операторына табыс етілуге (жіберілуге) жатады.

  1. Кеден органдарының лауазымды адамдары тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алуды декларанттың қатысуымен, ол болмаған жағдайда – егер тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлға анықталса, оның қатысуымен, ал халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өткізілетін тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу кезінде тағайындалған пошта байланысы операторы өкілінің қатысуымен іріктеп алады.

      Кеден органының талап етуі бойынша аталған тұлғалар кеден органдарының лауазымды адамдарына тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу кезінде жәрдемдесуге, оның ішінде қажетті жүк және өзге де операцияларды өз есебінен жасауға міндетті.

 

Дата публикации
17 июня 2021