Қайталама кедендік сараптама

   «ҚР кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 413-бабына негізінде, 2018 жылғы 14 ақпанының Қазақстан Республикасының Қаржы министрдің № 188 бұйрығымен бекітілген, Кедендік жеке тексеруді және қарап тексеруді жүргізу қағидаларын сақталуымен, кедендік жеке тексеру кедендік бақылау нысаны қолданады.

     Сол кезде, көрсетілген Кодекстің 54-тарауында келесі реттелген:

      470-бап. Қосымша және қайталама кедендік сараптамалар

  1. Декларант кедендік, оның ішінде қосымша сараптама нәтижелерімен келіспеген жағдайда, кеден органы қайталама кедендік сараптама тағайындауы мүмкін.

      Қайталама кедендік сараптама бұрын жүргізілген кедендік сараптама кезінде зерттелген сол тауарларды, кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, тауарлар мен құжаттарды сәйкестендіру құралдарын зерттеу үшін және сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады.

      Қайталама кедендік сараптама кедендік сараптама жүргізген уәкілетті кеден органына немесе сараптама ұйымына, сол сияқты өзге де сараптама ұйымына да тағайындалуы мүмкін.

      Қайталама кедендік сараптама жүргізу кедендік, оның ішінде қосымша сараптаманы жүргізген кедендік сарапшыны (сарапшыны) қоспағанда, екі және одан көп кедендік сарапшыдан (сарапшылардан) тұратын комиссияға тапсырылады. Кедендік, оның ішінде қосымша сараптаманы жүргізген кедендік сарапшылар (сарапшылар) қайталама кедендік сараптама жүргізген кезде оған қатысуы және комиссияға қажетті түсіндірмелер беруі мүмкін.

      3. Қосымша және қайталама кедендік сараптамаларды жүргізу кезінде кедендік сарапшыға (сарапшыға) міндетті түрде бұрын жүргізілген кедендік сараптаманың нәтижелері ұсынылады.

Дата публикации
15 июня 2021