Кедендік сараптаманы жүргізу

   «ҚР кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 413-бабына негізінде, 2018 жылғы 14 ақпанының Қазақстан Республикасының Қаржы министрдің № 188 бұйрығымен бекітілген, Кедендік жеке тексеруді және қарап тексеруді жүргізу қағидаларын сақталуымен, кедендік жеке тексеру кедендік бақылау нысаны қолданады.

     Сол кезде, көрсетілген Кодекстің 54-тарауында келесі реттелген:

      466-бап. Кедендік сараптаманы тағайындау және жүргізу

  1. Кедендік сараптаманы жүргізуден мынадай негіздер бойынша:

      1) кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешім, тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу туралы акт, кедендік сараптаманы жүргізу үшін ұсынылған құжаттарды, сәйкестендіру құралдарын алып қою туралы акт тиісінше ресімделмегенде;

      2) тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері, олардың саны тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу актісінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмегенде;

      3) қаптама бұзылғанда, қаптама тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу актісінде көрсетілген сипаттамаға сәйкес келмегенде;

      4) уәкілетті кеден органында кедендік сараптаманы жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық база, арнайы жағдайлар немесе талап етілетін біліктілігі бар кедендік сарапшы болмағанда;

      5) қойылған мәселелер бойынша кедендік сараптаманы жүргізуге мүмкіндік беретін ақпарат, құжаттар болмағанда;

      6) кедендік сараптаманы жүргізу үшін тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері болмағанда немесе жеткіліксіз болғанда;

      7) кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органының тауарлардың сынамаларына және (немесе) үлгілеріне, құжаттарға, сәйкестендіру құралдарына кедендік сараптама жүргізу барысында ішінара немесе толық жоюға, оларды бұзуға тыйым салуы болған, ал зерттеулерді және (немесе) сынақтарды бұзу әдістерін пайдалану арқылы ғана жүргізу мүмкін болғанда, бас тартылуы мүмкін.

  1. Уәкілетті кеден органы кедендік сараптаманы тағайындау туралы кеден органының келіп түскен шешімі тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік сараптаманы жүргізу немесе осы баптың 7-тармағында көрсетілген негіздер бойынша оны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Кедендік сараптаманы жүргізуден бас тарту туралы шешімде мұндай бас тартудың себептері көрсетіледі.

      Кедендік сараптаманы жүргізуден бас тарту туралы шешім ұсынылған материалдар, құжаттар, тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері қоса беріле отырып, кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына жіберіледі.

  1. Кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірмей декларантты немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғаны кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімнің көшірмесін оған табыс ету (жіберу) арқылы кедендік сараптаманың тағайындалғаны туралы хабардар етеді.
  2. Кедендік сараптаманы жүргізуге жұмсалатын шығыстар осы тармақтың екінші бөлігін қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

      Осы баптың 2-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес кедендік сараптама тағайындалған жағдайда, мұндай кедендік сараптаманы жүргізуге байланысты туындаған шығыстар, егер кедендік сараптаманы жүргізу нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталса, кедендік сараптама жүргізілетін тауарларға және (немесе) құжаттарға қатысты тұлғаның қаражаты есебінен өтеледі.

Дата публикации
04 июня 2021