Кедендік сараптамаларының түрлері

     «ҚР кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 413-бабына негізінде, 2018 жылғы 14 ақпанының Қазақстан Республикасының Қаржы министрдің № 188 бұйрығымен бекітілген, Кедендік жеке тексеруді және қарап тексеруді жүргізу қағидаларын сақталуымен, кедендік жеке тексеру кедендік бақылау нысаны қолданады.

     Сол кезде, көрсетілген Кодекстің 54-тарауында келесі реттелген:

      466-бап. Кедендік сараптаманы тағайындау және жүргізу

  1. Уәкілетті кеден органы тауартанушылық, материалтанушылық, технологиялық, криминалистік, химиялық және жүргізілуіне қажеттілік туындайтын сараптаманың өзге де түрлерін жүргізеді.
  2. Тартылатын кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) санына қарай жеке-дара, комиссиялық немесе кешенді кедендік сараптамалар тағайындалады.

      Жеке-дара кедендік сараптаманы кедендік сарапшы (сарапшы) жеке-дара жүргізеді.

      Комиссиялық кедендік сараптаманы бір мамандықтағы кедендік сарапшылар (сарапшылар) комиссиясы жүргізеді. Кедендік сарапшылар (сарапшылар) арасында келіспеушіліктер болған кезде олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі кедендік сарапшының (сарапшының) бөлек қорытындысын ұсынуға құқылы.

      Кешенді кедендік сараптаманы іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) құзыреті шегінде әртүрлі мамандық білімдерін пайдалану негізінде зерттеулер қажет болған жағдайда, кедендік сарапшылар (сарапшылар) комиссиясы жүргізеді. Әрбір кедендік сарапшы (сарапшы) кедендік сарапшы (сарапшы) қорытындысының өзі жүргізген кедендік сараптама бөлігіне қол қояды.

  1. Кеден органының уәкілетті лауазымды адамы кедендік сараптама тағайындау туралы шешімді жазбаша нысанда қабылдайды, онда оны жүргізу негіздері, сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе кедендік сараптама жүргізілетін ұйымның не кеден органының атауы, кедендік сарапшының (сарапшының) алдына қойылған мәселелер, кедендік сарапшының (сарапшының) иелігіне ұсынылатын материалдар мен құжаттардың тізбесі көрсетіледі.

      Шешімде кедендік сарапшының (сарапшының) көрінеу жалған қорытынды бергені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылығы жөнінде кедендік сарапшыға (сарапшыға) ескертілгені туралы да көрсетіледі.

      Кеден органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысанын уәкілетті орган бекітеді.

      Кеден органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешіміне тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері, алып қойылған құжаттар және (немесе) сәйкестендіру құралдары, кедендік сараптаманы жүргізу үшін қажетті өзге де материалдар мен құжаттар қоса беріледі.

Дата публикации
03 июня 2021