«ҚР кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 413-бабына негізінде, 2018 жылғы 14 ақпанының Қазақстан Республикасының Қаржы министрдің № 188 бұйрығымен бекітілген, Кедендік жеке тексеруді және қарап тексеруді жүргізу қағидаларын сақталуымен, кедендік жеке тексеру кедендік бақылау нысаны қолданады.
Сол кезде, көрсетілген Кодекстің 48-тарауында келесі реттелген:
434-бап. Кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операциялар
- Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органының талап етуі бойынша декларант, уақытша сақтау қоймасының немесе кеден қоймасының иесі, кеден өкілі және (немесе) тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлға кедендік бақылауға жататын тауарларды тасымалдауды (тасуды), өлшеуді жүргізуге немесе өзге тәсілмен тауарлардың санын анықтауды қамтамасыз етуге, тиеуді, түсіруді, қайта тиеуді, олардың зақымданған қаптамасын жөндеуді, қаптамасын ашуды, орауды не қайта орауды, сондай-ақ осындай тауарлар орналасқан (орналасуы мүмкін) үй-жайларды, ыдыстарды және өзге де орындарды ашуды жүргізуге міндетті.
- Тасымалдаушы өзі тасымалдайтын (таситын) тауарларға және осындай тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операциялардың жасалуына ықпал етуге міндетті.
3. Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операциялар кеден органы үшін қандай да бір шығыстарға алып келмеуге тиіс.