Кеден органдарының кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, өзге де техникалық құралдарын, су және әуе кемелерін пайдалануы

    «ҚР кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 413-бабына негізінде, 2018 жылғы 14 ақпанының Қазақстан Республикасының Қаржы министрдің № 188 бұйрығымен бекітілген, Кедендік жеке тексеруді және қарап тексеруді жүргізу қағидаларын сақталуымен, кедендік жеке тексеру кедендік бақылау нысаны қолданады.

     Сол кезде, көрсетілген Кодекстің 48-тарауында келесі реттелген:

     428-бап. Кеден органдарының кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, өзге де техникалық құралдарын, су және әуе кемелерін пайдалануы

  1. Кеден органдары кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарын (жабдық, аспаптар, өлшеу құралдары, құрылғылар және керек-жарақтар) және өзге де техникалық құралдарды пайдалануы мүмкін.

      Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесі мен оларды қолдану тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

  1. Кедендік бақылаудың техникалық құралдары адамның, өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге қауіпсіз болуға тиіс және адамдарға, тауарларға және көлік құралдарына зиян келтірмеуге тиіс.
  2. Комиссия кеден органдары пайдаланатын кедендік бақылаудың жекелеген техникалық құралдарына қойылатын үлгілік техникалық талаптар бойынша ұсынымдарды қабылдауға құқылы.
  3. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) өзге түрлерін жүргізу кезінде пайдалануы мүмкін.
  4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік бақылау кеден органдарының су және әуе кемелері пайдаланыла отырып жүргізілуі мүмкін.

      Кедендік бақылауды жүргізу мақсатында кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Дата публикации
26 декабря 2017