Кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралар

     «ҚР кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 413-бабына негізінде, 2018 жылғы 14 ақпанының Қазақстан Республикасының Қаржы министрдің № 188 бұйрығымен бекітілген, Кедендік жеке тексеруді және қарап тексеруді жүргізу қағидаларын сақталуымен, кедендік жеке тексеру кедендік бақылау нысаны қолданады.

     Сол кезде, көрсетілген Кодекстің 48-тарауында келесі реттелген:

     424-бап. Кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралар

  1. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік бақылау объектілеріне қарай кеден органдары осы Кодекске сәйкес кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін мынадай шараларды қолдануға құқылы:

      1) ауызша сауалнама жүргізу;

      2) кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұрату, талап ету және алу;

      3) кедендік сараптаманың жүргізілуін тағайындау, тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу;

      4) тауарларды, құжаттарды, көлік құралдарын, үй-жайларды және басқа да орындарды сәйкестендіруді жүзеге асыру;

      5) кеден органдарының кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, өзге де техникалық құралдарын, су және әуе кемелерін пайдалану;

      6) кедендік алып жүруді қолдану;

      7) тауарларды тасымалдау маршрутын белгілеу;

      8) кедендік бақылаудағы тауарларды, олармен жасалатын кедендік операцияларды есепке алуды жүргізу;

      9) маманды тарту;

      10) басқа мемлекеттік органдардың мамандары мен сарапшыларын тарту;

      11) тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жүк және өзге операциялардың жасалуын талап ету;

      12) кедендік байқауды жүзеге асыру;

      13) тауарларды есепке алу жүйесінің болуын және тауарларды есепке алудың жүргізілуін тексеру;

      14) тауарлардың арнайы маркалармен таңбалануын, оларда сәйкестендіру белгілерінің болуын тексеру;

      15) электрондық кедендік алып жүруді қолдану.

  1. Кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралар дербес немесе кедендік бақылау нысандарының қолданылуын қамтамасыз ету үшін қолданылады.

      3. Кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралар – осы тарауға сәйкес, ал кедендік сараптаманың жүргізілуін тағайындау осы Кодекстің 54-тарауына сәйкес қолданылады.

Дата публикации
26 декабря 2017