Кедендік қарап-тексеру

     «ҚР кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 413-бабына негізінде, 2018 жылғы 14 ақпанының Қазақстан Республикасының Қаржы министрдің № 188 бұйрығымен бекітілген, Кедендік жеке тексеруді және қарап тексеруді жүргізу қағидаларын сақталуымен, кедендік жеке тексеру кедендік бақылау нысаны қолданады.

     Сол кезде, көрсетілген Кодекстің 47-тарауында келесі реттелген:

     412-бап. Кедендік қарап-тексеру

  1. Кедендік қарап-тексеру кедендік бақылау барысындаүй-жайларды және аумақтарды кедендік қарап-тексеру нысанында жүргізілетін мұндай қарап-тексеруді қоспағанда, көлік құралдарының жүкжайларын (бөлекжайларын) және тауарлардың қаптамасын ашпай, тексерілетін объектілерді (жеке тұлғалардың багажын қоса алғанда) және олардың бөліктерін бөлшектемей, демонтаждамай, өзге де тәсілдермен бүтіндігін бұзбай тауарларға, оның ішінде көлік құралдарына және жеке тұлғалардың багажына, жүк тиелетін сыйымдылықтарға, кедендік пломбаларға, мөрлерге және өзге сәйкестендіру құралдарына көзбен қарап-тексеру жүргізуді білдіретін кедендік бақылау нысаны болып табылады.
  2. Кедендік қарап-тексеру оларға қатысты кедендік бақылау жүргізілетін тауарлар туралы мәліметтерді тексеру және (немесе) алу мақсатында, сондай-ақ тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүкжайларында (бөлекжайларында) кедендік пломбалардың, мөрлердің және басқа да сәйкестендіру құралдарының бар-жоғын тексеру мақсатында жүргізіледі.

      Кедендік қарап-тексеруді жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

  1. Кедендік қарап-тексеру декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғалар және олардың өкілдері кедендік қарап-тексеру кезінде қатысуға ниет білдіретін жағдайларды қоспағанда, аталған адамдардың қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.
  2. Кедендік қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері нысанын Комиссия айқындайтын кедендік қарап-тексеру актісін жасау не кеден органына ұсынылған көліктік (тасымалдау), коммерциялық немесе кедендік құжаттарға кедендік қарап-тексерудің жүргізілу фактісі туралы белгі қою арқылы ресімделеді.

      Жеке тұлғалардың багажына және (немесе) жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына кедендік қарап-тексеруді жүргізу кезінде кедендік қарап-тексеру актісі, егер оны кеден органдары кедендік операцияларды жасау және (немесе) кедендік бақылауды жүргізу кезінде пайдаланған жағдайда ғана жасалады.

  1. Егер кедендік қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның талап етуі бойынша кеден органына ұсынылған көліктік (тасымалдау), коммерциялық немесе кедендік құжаттарға кедендік қарап-тексерудің жүргізілу фактісі туралы белгі қою арқылы ресімделген жағдайда, кеден органының лауазымды адамдары кедендік қарап-тексеру актісін:

      1) кедендік қарап-тексеруді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында жүргізген кезде – кедендік қарап-тексеру жүргізілгеннен кейін жұмыс уақытының екі сағатынан кешіктірмей;

      2) кедендік қарап-тексеруді өзге орындарда жүргізген кезде – кедендік қарап-тексеру жүргізілген күннен кейінгі жұмыс күні басталған кезден бастап екі сағаттан кешіктірмей жасауға міндетті.

      6. Кедендік қарап-тексеру актісі екі данада жасалады, оның біреуі тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаға не оның өкіліне, егер бұл тұлғалар бұзушылық анықталған жағдайда анықталса, немесе оның талап етуі бойынша тапсырылады (жіберіледі).

Дата публикации
26 декабря 2017