C-R-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
|
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
C-R-3 |
106 359 |
142 815 |
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, индекс 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 93/95, 408-кабинет, телефон/факс: 8(727)267-69-10, e-mail: nach_oprsp_6009@taxgalmaty.mgd.kz, kadry_6009@taxgalmaty.mgd.kz (рұқсат етілген файлдар өлшемі 5Мб) және aisu.kurmanova@kgd.gov.kz, j.mashirova@kgd.gov.kz (рұқсат етілген файлдар өлшемі 15Мб) осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Қызметтік міндеттері: Бөлім жұмысына жалпы басшылықты, бақылауды, ұйымдастыру мен үйлестіруді, салық заңнамасын түсіндіруді жүзеге асыру; Бөлім туралы Ережесін, бөлім жұмысының жоспарын, бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, функционалдық міндеттерін әзірлеу және олардың өзара алмасуларын анықтау. Бөлімдегі еңбек және орындау тәртібін қамтамасыз ету. Жеке кәсіпкерлерді және жеке тұлғаларды әкімшілендірумен байланысты жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау, тексерілген құжаттарын (камералдық қорытындыларды) қарау, әңгімелесу хаттамаларын, зерттеу жүргізу актілерін қарастыру және оларға қорытынды жасап, сәйкес шешім қабылдау үшін оны басқарма басшылығына лайықты шешім қабылдау үшін ұсыну, салық заңнамасының сақталуы бойынша хронометражды зерттеулер жүргізуге, сонымен қатар тақырыптық тексеру жүргізуге қатысу. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік іс қозғау туралы шешім қабылдау. Сотқа қатысу және барлық сот инстанцияларында Басқарманың мүдделерін білдіру. Резервтер ашу және жетекшіліктегі салықтардың мемлекеттік бюджетке түсімінің көбеюі бойынша ұсыныстар енгізу, жетекшіліктегі салықтар жинауды әкімшілендіруді жақсарту бойынша мәліметтерді талдау негізінде ұсыныстар әзірлеу. Сотқа қатысу және барлық сот инстанцияларында Басқарманың мүдделерін білдіру. Сот қарыздары бойынша қарыздар бойынша шешімдер қабылдау туралы шағымдарды уақтылы беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. ҚР Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі мен мерзімін сақтау. Өз құзіреті шегінде жоғары тұрған органдарға тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есептерді тапсыру. Бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік, мемлекеттік емес, сонымен қатар құқық қорғау органдармен қарым-қатынас жасау. Бөлімге жүктелген міндеттер мен қызметтердің, басқарма басшылығының тапсырмаларын, бақылау құжаттарын уақытылы және сапалы орындауға, құжаттардың сақталуына және қызметтік құпия болып саналатын ақпараттың жариялануына жол бермеуге жауап беру; Біріктірілген ақпараттық салықтық жүйесін (БАСЖ), Салықтық есебін өңдеу жүйесін (СЕӨЖ), Орталықтандырылған бірыңғай жеке шоттарын (ОБЖШ), Хабарламаның қойылған реестрі (ХҚР), Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін (ЭҚАБЖ) қолдану бойынша жұмыстарын ұйымдастыру. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика) немесе құқық саласындағы (құқықтану, кеден ісі, халықаралық құқық) немесе техника ғылымдары және технологиялар саласындағы (ақпараттық жүйелер, есептеу техника және бағдарламалық қамтамасыз ету) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.